jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Шымкентте 24 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

    Шымкентте дүниеге келген үшем
    Дүниеге келген үшем. Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

    Шымкентте 24 жастағы қала тұрғыны үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза өзінің алғашқы жүктілігінде екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелген.

    Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын дүниеге келген, бастапқыда жағдайлары ауыр болған. Олар біраз уақыт аппараттың көмегімен тыныс алып, жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болған.

    "Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосып, ана сүтімен қоректене бастады. Қазір анасы мен үшемнің жағдайы жақсы", - делінген хабарламада.

    Жаңа туған нәрестелерге Мұстафа, Мұса, Хадия есімдері берілген.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Шымкент қаласында туу көрсеткіші артып келеді.

    2025 жылдың басынан бері 12 648 сәби дүниеге келген, олардың – 149-ы егіз және үшеуі үшем.

    Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 22 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелгенін жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.