jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Астанада қала күні 39 сәби дүниеге келді

    Нәрестенің қолы
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    6 шілдеде түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін елордада 39 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін елордада 39 нәресте дүниеге келді: олардың 22-сі – ұл, 17-сі – қыз бала.

    Жүкті әйелдер қаладағы №3 көпбейінді ауруханада, №2 көпбейінді ауруханада, Перинаталдық орталықта, сондай-ақ "Рахат" және өзге де жекеменшік клиникаларда босанған.

    "Дүниеге келген сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы, барлығы қажетті медициналық күтіммен қамтамасыз етіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Дәрігерлер бұл күннің ерекше маңызын атап өтіп, дәл осы күні дүние есігін ашқан әрбір сәбиді отбасына берілген баға жетпес сыйлық әрі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа өмірдің нышаны деп бағалады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.