jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда қала күні қарсаңында үшем дүниеге келді

    Көрнекі
    Нәресте. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Алматыда қала күні қарсаңында үшем дүниеге келді. Сондай-ақ қала күні 69 сәби дүни есігін ашқан, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Алматыда биыл қала күні ерекше тойланған.

    Түрлі іс-шаралар мен мерекелік көңіл күйге қоса, 21 қыркүйекте Алматы перзентханаларында 69 сәби дүниеге келген, оның 32-сі ұл және 37-сі қыз бала.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, өмірге келген барлық нәресте мен олардың аналарының жағдайы жақсы.

    Ал мереке қарсаңында Қалалық перинаталдық орталықта сирек әрі ғажайып оқиға болған. Бұл жерде үшем (бір ұл, екі қыз бала) дүниеге келген.

    Дәрігерлер үшемнің анасын 32-аптада шұғыл түрде босандыру туралы шешім қабылдаған.

    Таңғы төрт шамасында перинаталдық орталықтың білікті мамандары тез арада жұмылып, ота сәтті өткен.

    Кесарь тілігі арқылы дүниеге келген сәттен бастап нәрестелерге жедел көмек көрсетіліп, жансақтаудан соң патология бөліміне ауыстырылған.

    Алматыда қала күні қарсаңында үшем дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.