jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкенттік дәрігерлер 104 күн күресіп, шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

    жаңа туған сәби
    Жаңа туған сәби. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Шымкент қалалық №2 ауруханасының дәрігерлері 104 күн шала туған шақалақтың өмірі үшін күресіп, оны аман алып қалды, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 17 маусымда кішкентай Мұхаммедали жүктіліктің 26 аптасында, салмағы 680 грамм, бойы 32 см болып дүниеге келген.

    "Бұл – экстремалды шала туу, өмірге аса қауіпті жағдай", - дейді дәрігерлер.

    Алғашқы күннен-ақ дәрігерлер тыныс жеткіліксіздігі, қан кету және инфекция қаупі сияқты ауыр диагноздармен күрескен. Нәресте жансақтау бөлімінде аппарат көмегімен тыныс алып, тәулік бойы мамандардың жіті бақылауында болған.

    Біртіндеп салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәби патология бөлімінде емін жалғастырған. 41 аптада салмағы 2490 грамм жеткен ол дәрігерлердің шешімімен үйіне шығарылған.

    Мұхаммедали – отбасындағы төртінші бала. Анасы медицина қызметкерлеріне, оның ішінде неонатолог дәрігерлер Насиба Қалматқызы мен Гүлбайра Орынбасаровнаға шексіз ризашылығын білдірген.

    Шымкенттік дәрігерлер 104 күн күресіп, шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.