"Отбасының тұңғышы": Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді
Жарияланған күні:
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында салмағы 6 келі 500 грамм болатын ұл бала дүниеге әкелді. Нәресте – отбасының тұңғышы, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Дәрігерлердің айтуынша, сәби дүниеге келген сәтте жағдайы ауыр болған. Ол жансақтау бөлімшесінде қосымша ем қабылдаған. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы тұрақты.
"Нәресте әрі қарай қарқынды емдеу бөлімінде ем алды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, анасымен бірге", - дейді акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова.
Алып сәбидің анасы Салтанат Ұзақбайдың айтуынша, басында жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесіне түскен.
"Сол жақта УЗИ-ге түсіріп, балаңыз ірі, кесар тілігімен босандырамыз деп дәрігерлер бірігіп, аман-есен алып қалды. Атын Қуанышбек деп қойып жатырмыз", - деді ол.
Айта кетелік, бұған дейін Түркістан облысында бес ұлы бар ерлі-зайыптының отбасында үшем дүниеге келген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2297403-otbasynyng-tunggyshy-qyzylorda-oblysynda-alyp-sabi-duniege-keldi/