jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елімізде Республика күні 709 сәби дүниеге келді

    перзентхана
    Перзентхана. Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

    25 қазан – Республика күні Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 ананы босандырған. Дүние есігін ашқан нәрестелердің 359-ы ұл, 350-і қыз бала.

    Нәрестелердің арасында бес егіз бар.

    Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мереке күні перзентханаларда кезекшілік жасап, Қазақстанның жаңа азаматтарының дүниеге келуінің куәсі болған дәрігерлерге, акушерлерге және барлық медицина қызметкеріне шын жүректен алғыс білдірді.

    Елімізде Республика күні 709 сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.