jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Дәрігерлер 54 күн бойы күтім жасаған: Алматыда салмағы 1159 грамм болып туған нәресте үйіне шығарылды

    Нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталықта салмағы небәрі 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып дүниеге келген нәресте ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Нәресте 25 қаңтарда дүниеге келіп, алғашқы күннен бастап дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. 54 күн бойы орталық мамандары оған қажетті медициналық көмек көрсетті.

    Емдеудің негізгі кезеңі жансақтау бөлімінде өтті. Мұнда жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған заманауи жоғары технологиялық әдістер қолданылды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында баланың жағдайы тұрақталды.

    "Барлық медицина қызметкеріне кәсібилігі, қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыс білдіремін", — деді нәрестенің анасы Зумрат.

    Оның айтуынша, дәрігерлердің арқасында бәрі сәтті аяқталған. Бүгін анасы мен сәбиі үйіне шығарылды.

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі мұндай жағдайлар Алматыдағы мамандардың біліктілік деңгейінің жоғары екенін және перинаталдық көмектің дамып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

    Дәрігерлер 54 күн бойы күтім жасаған: Алматыда салмағы 1159 грамм болып туған нәресте үйіне шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.