jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен": Түркістанда үшем дүниеге келді

    Нәрестелерді перзентханадан шығару рәсімі
    Нәрестелерді перзентханадан шығару рәсімі. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістан қаласында үшем дүниеге келді. Нәрестелердің ата-анасын қала әкімінің орынбасары арнайы құттықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облыстық әкімдігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 41 жастағы Марина Әуезханқызы бұл бақытты сәтті 15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен.

    Жұбайлардың 17 және 15 жастағы екі перзенті бар. Араға жылдар салып, отбасының қуанышы еселеніп отыр. Дүниеге үшем келген. Сәбилерге ата-анасы Айқын, Айдын және Арсен деп ат қойған.

    Қуанышты сәтке орай перзентханадан шығару рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, нәрестелердің ата-анасына қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, отбасыға ізгі тілегін білдірген.

    "15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен": Түркістанда үшем дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.