jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда егіздер мен үшемдер жиі дүниеге келетін өңірлер аталды

    Сәбилер
    Сәбилер. Иллюстрациялық фото: Vichan Poti/Pacific Press/LightRocket via Getty Images

    Қазақстанда төрт айда екі мыңға жуық егіз бен 54 үшем дүниеге келген. Олардың дені Түркістан облысында туған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бюроның мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 1926 егіз бен 54 үшем өмірге келген. Бұл кезеңде дүниеге келген төртем тіркелмеген.

    Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 263 егіз. Одан кейін Алматы қаласы (245 егіз) және Алматы облысы (175 егіз).

    Үшемдер саны бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде үш үшемнен дүниеге келген.

    2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жеткен.

    Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелген.

    Қазақстанда егіздер мен үшемдер жиі дүниеге келетін өңірлер аталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.