jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді

    Нәрестенің қолы
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елде 857 сәби дүниеге келгенін мәлім етті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз бала. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында егіздер дүниеге келді.

    Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың өмірге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше, 1 шілдеде биылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.

    Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі. Депутаттарды сайлау 23 тамызда өтеді.

    Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.