Астана күні Қазақстанда қанша сәби дүниеге келгені белгілі болды
Жарияланған күні:
Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 448 баланың 223-і ұл, 225-і қыз бала.
Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, екеуі де Астана қаласында туған.
Ең көп нәресте Түркістан облысында дүниеге келген, өңірде 67 сәби өмір есігін ашты. Алматы қаласында 44 сәби, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.
Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті.
"Сәбилері осындай айтулы күні дүниеге келген ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз", - деп құттықтады аналарды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2396662-astana-kuni-qazaqstanda-qansha-sabi-duniege-kelgeni-belgili-boldy/