jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар: Жүктілік кезіндегі сирек инфекциялар балаларда аутизм қаупін арттырады

    Беременная переживает токсикоз
    Фото: Freepik/senivpetro

    Каролин институтының ғалымдары TORCH тобындағы туа біткен инфекциялар баланың аутизмге шалдығу ықтималдығын үш есе, ал ақыл-ой дамуының кешеуілдеуін жеті есе арттыратынын анықтады, деп жазды ScienceDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Анадан ұрыққа берілетін сирек кездесетін құрсақішілік инфекциялар балаларда аутизм мен ақыл-ой дамуының кешеуілдеу қаупін айтарлықтай жоғарылатады. Швециядағы Каролин институтының зерттеушілері осындай тұжырымға келді. 1987-2021 жылдар аралығында Швецияда дүниеге келген 3,7 миллион адамның деректерін қамтыған ауқымды зерттеу нәтижелері JAMA Pediatrics журналында жарияланды.

    Ғалымдар цитомегаловирус, қызамық, токсоплазмоз және герпес вирустарын қамтитын TORCH-инфекциялар тобына назар аударды. Зерттеуге қатысушылардың ішінде 975 адамда туа біткен диагноз расталды. Талдау нәтижесі құрсақішілік инфекциясы бар балаларда аутизмнің даму ықтималдығы патологиясы жоқ балалармен салыстырғанда шамамен үш есе жоғары екенін көрсетті. "Ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі" диагнозының қаупі жеті еседен астам жоғары болып шықты, ал интеллектуалдық бұзылулардың ауыр түрлері 30 есе жиі тіркелді.

    Зерттеудің жетекші авторы Хуго Шеквисттің айтуынша, бұл – осы саладағы бүгінгі таңдағы ең ауқымды зерттеу. Сонымен қатар авторлар құрсақішілік инфекциялар сирек кездесетінін және популяциядағы аутизм жағдайларының жалпы санының аз ғана бөлігін – шамамен 0,034%-ын құрайтынын атап өтті. Алайда жеке деңгейде алғанда, TORCH-инфекциясын бастан өткерген әрбір бесінші баладан аутизм анықталады.

    Зерттеушілер туған бауырларды салыстырып көрді, бұл нәтиже инфекциялық фактордың әсері басым екенін және оған ортақ отбасылық жағдайлардың қатысы жоқтығын растады. Сонымен бірге ЗЖГС (СДВГ) сияқты басқа да бұзылулармен байланыс анықталмады. Зерттеуші Рене Гарднер жүктілік кезінде инфекцияны жұқтырудың алдын алу қажеттілігін атап өтті.

    Ғалымдар: Жүктілік кезіндегі сирек инфекциялар балаларда аутизм қаупін арттырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram