jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ғалымдар кофе, цитрус жемістері мен генетика ана сүтінің құрамына қалай әсер ететінін анықтады

    Нәрестенің қолы
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    Зерттеушілер ананың тамақтану рационы мен оның генетикалық ерекшеліктері емшек сүтінің молекулалық құрамына тікелей әсер ететінін анықтады, деп жазды News-Medical-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Америкалық ғалымдар босанғаннан кейін шамамен бір ай өткен соң 349 әйелдің емшек сүтінің үлгілеріне талдау жасап, зат алмасу өнімдері саналатын 458 түрлі метаболитті зерттеді.

    Зерттеу нәтижесі ана ағзасына түскен қоректік заттардың сүттің бірегей химиялық профилін қалыптастыратынын көрсетті. Мәселен, кофе ішу хин қышқылы мен несеп қышқылы туындыларының пайда болуына әкеледі, ал цитрус жемістері пролин-бетаин деңгейін арттырады.

    Зерттелген барлық фактордың ішінде ананың тамақтануы сүттің молекулалық құрамымен ең тығыз байланыста екені анықталды. Зерттеушілер алкогольді тұтыну баланың ішек дамуы мен иммунитеті үшін аса қажет сфингозин-1-фосфат деңгейінің төмендеуіне әкеп соғатынын анықтады. Сонымен қатар салауатты рацион В2 дәруменінің (рибофлавин) жоғары мөлшерде болуына ықпал етті.

    Диетадан бөлек, сүт құрамына ананың генетикасы мен сүт безі жасушаларындағы гендердің жұмысы әсер етеді. Ғалымдар сүттегі зат алмасумен байланысты тоғыз арнайы генетикалық учаскені тапты. Жұмыс авторлары олардың зерттеуі әзірге бақылау сипатында екенін және анықталған қосылыстардың балалар денсаулығына тікелей әсерін бағаламайтынын атап өтті.

    Ғалымдар кофе, цитрус жемістері мен генетика ана сүтінің құрамына қалай әсер ететінін анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram