jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде жүкті келіншек перзентханаға бара жатып таксиде босанып қалды

    Ақтөбе тұрғыны
    Ақтөбе тұрғыны балаларымен. Фото: 31 арна

    Ақтөбе облысының тұрғыны үшінші баласын перзентханаға бара жатқан жолда босанды. Салмағы 3,5 килограмм болатын ұл бала такси салонында дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "31 арна-ға" сілтеме жасап.

    Ақтөбеде Бестамақ ауылының 27 жастағы тұрғыны перзентханаға бара жатып, таксиде босанды. Салмағы 3,5 килограмм болатын ұл бала ауруханаға жетіп үлгермей тұрып дүниеге келді.

    Анасы Назерке Ғалимованың айтуынша, ол мұндай жағдайды күтпегендіктен, біраз қорқып қалған. Ал такси жүргізушісі жаңа туған нәрестенің жылаған даусын кенет естіп, одан да бетер сасқан.

    Назерке ер адамды сабырға шақырып, жедел жәрдемді өзі шақырды. Дәрігерлер бірнеше минутта келіп, ана мен нәрестені перзентханаға жеткізді.

    Бүгінде оларды үйіне шығарған, ата-анасы балаға есім таңдап жатыр. Отбасында екі ұл өсіп келеді, олар да інісін шығарып алуға қатысты. Жас босанған келіншек такси жүргізушісі мен жедел жәрдем фельдшеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

    "Бригада оқиға орнына 6-7 минутта келіп, әйелді салон ішінде тексерді. Сол жерде кіндігі кесіліп, қажетті препарат егілді. Содан кейін оларды жақын жердегі стационарға жеткізді. Менің тәжірибемде бұл әйелдің таксиде босанып қалған алғашқы жағдайы, ал үйде босану жиі болып тұрады", - деп атап өтті жедел жәрдем станциясының фельдшері Роман Мергенұлы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram