Гүлназ Абдували: KAZ.NUR.KZ - әлемдегі оқылымы ең көп қазақтілді жаңалықтар сайты
Жарияланған күні:
KAZ.NUR.KZ меңгерушісі Гүлназ Абдували қазақтілді жаңалықтар порталының танымалдылығы және NUR.KZ IT-компаниясының мансабының қалай жоғарылағаны жөнінде әңгіме өрбітті.
- 2016 жылы NUR.KZ редакциясына келдім. Жасым 21-де еді. Ол кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰҰ-де шығыстану факультетінің 4-курсында оқып жүрдім. Алғаш рет компанияға орыс тілі редакциясының редакторы болып қызметке тұрдым.
Ол кезде онлайн-медиа саласында білетінім аз еді. Алайда жаңа жұмысқа бірден бейімделіп кеттім. 12 миллиондық аудиторияға жаңалық жазуға білек сыбана кірістім.
Бір жылдан кейін шығарушы редактор болдым, ал соңғы 1,5 жылда KAZ.NUR.KZ қазақтілді редакциясын басқарып келемін.
-KAZ.NUR.KZ бас редакторының міндеті қандай?
- Мен редакторлар командасының жұмысына жетекшілік етемін, сайтта жарияланатын контентті қадағалаймын. Сонымен қатар, менің міндетіме контен-жоспар құру, коммерциялық департамент пен NURTV.KZ бейне-сервисі командасымен байланыс орнату кіреді.
Өңірдегі тілшілерімізбен өзім жеке жұмыс істеймін. Әдетте оқырмандарымыздың қызығушылығын тудырып, ықыласына бөленетін ерекше тұлғалар Қазақстан өңірлерінде тұрады. Қазір Қазақстанның түрлі қалаларынан қазақ тілінде жаза алатын тілшілерді іздестірудеміз.
Егер сіз дарынды және өршіл болсаңыз, мәтіндеріңізді editor@corp.nur.kz поштасына жіберіңіз (хат тақырыбында міндетті түрде хаттың KAZ.NUR.KZ редакциясына арналғанын жазыңыз).
KAZ.NUR.KZ редакциясына күнделікті оқырмандар хабарласып, поштаға жазып, кері байланыс орнатады немесе өздерінің басындағы мәселелерімен бөліседі.
- KAZ.NUR.KZ жобасы қандай нәтижелерге қол жеткізді?
- Қазақтілді жаңалықтар NUR.KZ-те 9 жыл қатарынан жарық көріп келеді. KAZ.NUR.KZ пайда болғанға дейін мақалалар орыстілді нұсқада жарияланды.
Бүгінде біз KAZ.NUR.KZ-ті жеке жаңалықтар ресурсы ретінде ұсынып отырмыз. Редакциямызда өңірлік тілшілернді қоспағанда 8 дарынды редактор қызмет етеді.
Біз күнделікті қазақтілді контентті ұсынамыз. Тәулігіне 70-тен астам материал жарық көреді.
Порталдың ай сайынғы қаралымы 12,5 миллионнан, ал аудитория саны 2 миллионнан асады.
Біздің аудитория Қазнеттегі қазақтілді ең үлкен аудитория. Бұл команданы жұмысты одан әрі жақсы жасауға сөзсіз жігерлендіреді. Біз контентке тәжірибе жасаудан қорықпаймыз. Үнемі жаңа дүние ойлап табуға тырысамыз.
Мәселен, жарты жыл бұрын біз оқырмандарымызға тест пен сауалнамалар, рейтингілер форматындағы жаңалықтарды ұсындық. Ал 2019 жылдың қараша айында "Нұрфин" айдарын іске қостық.
Бұл жерде экономика мен жеке қаржылық мәселерге негізделген контентті қарапайым тілмен ұсынамыз.
Сонымен қатар, тұрақты түрде танымал қазақтілді блогерлерден сұқбат аламыз.
Мәселен, видеода соңғы 5 жылда денесінің қалай өзгергенін көрсеткен ауылдық жігітпен болған сұқбат аудиторияны таңдандырды. Азаматтың бір ролигі ай сайын миллионға жуық қаралым жинайды.
-Қазақ тіліндегі "Нұрфин" жобасы оқырманда қандай әсер тудырды?
- Біз желіде қазақтілді сапалы контенттің аз екенін көріп жүрміз. Бұл мәселенің талқыланып келе жатқанына бір жыл болған жоқ. Қараша айында "Нурфин" айдары іске қосылды.
Бұл жерде біз күрделі әрі маңызды қаржылық жаңалықтар жайлы қарапайым тілмен жазамыз. Мәселен, автонесие, жәрдемақы төлеудегі өзгерістер немесе коммуналды қызметтерді төлеу тәсілдері жайлы баяндаймыз.
"Нұрфин" айдарындағы материалдар күн сайын жарық көреді. Айдардың оқырмандарымыз үшін расымен де пайдалы болғанын олардың өз сөзінен аңғаруға болады.
- Гүлназ, сіздің пікіріңізше, мінсіз редактор қандай болу керек?
- Редактордың сыни ойлау қабілеті жақсы дамыған болуы қажет. Негізгі қасиет – келіп жеткен ақпаратты толық тексеріп алып, қорытынды мен фактілерге анализ жасай алуы керек.
Онлайн-медиа редакторы жан-жақты болуға міндетті. Қазіргі таңда жақсы мәтін жаза алудың өзі жеткіліксіз. Редакциялық метрикалар, аналитика сервистері мен фото мен видео редакциялаудың бастапқы сатыларын жұмыс барысында қолдана білген жөн. Сонымен қатар, сауатты жазу қажет.
2019 жылғы KAZ.NUR.KZ –тің оқылымы ең жоғарғы топ-3 жаңалығы:
Астанада өртенген үйде көз жұмған 13 жасар қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты>>>
Марапаттау кешінде бидің түбін түсірген ақтөбелік түлек желіде жұлдыз болды (видео)>>>
Қайтыс болған "Атырау аруының" жантебірентерлік видеосы елді жылатты>>>
KAZ.NUR.KZ сайтын ай сайын 2 миллионнан астам оқырман оқиды. Ал парақшалардағы қаралым саны 12,5 миллионды құрайды.
Сонымен қатар, 703 мыңға жуық адамның редакцияның "ВКонтакте" "Facebook" "Instagram" және "Telegram" әлеуметтік желілеріндегі аккаунтына жазылғанын атап өту керек.
Сондай-ақ, NUR.KZ IT-компаниясы қолданушыларға Rabotanur.kz job-сервисі, NUR.KZ мобильді қосымшасы (Android және iOS), NURTV.KZ бейне-сервисі мен "Музыка Нур" әуезді қосымшасы секілді өзге де жобаларды ұсынады.
Тағы оқыңыз:
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1835785-glnaz-abduvali-kaznurkz---lemdegi-okylymy-e-kp-kazaktildi-zaalyktar-sajty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.