Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түйіндемеде жиі кездесетін 10 қателік

Опубликовано:

NUR.KZ IT компаниясының HR-директоры Мария Карчевская жұмысқа өтініш берушілерде кездесетін басты қателіктерді және оны болдырмаудың жолдарын айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Резюме - іскери құжат. Сұхбат жүргізетін рекрутер, сіздің кәсіби маман екеніңізді, сіздің тәжірибеңіз бен компаниядағы болашақ мақсаттарыңыз қандай екенін түсіну қажет. Олар сіздің жеке хоббиіңіз бен отбасыңызбен бірген демалысты қалай өткізетініңізді білмесе де болады. Rabotanur.kz жұмыс іздеу және вакантты қызмет орындарын орналастыру сайтында түйіндеме жасауға байланысты кеңестер бар және сіз сауатты түйіндеме қалай жасауға болатындығын осы мақалада білесіз.

1. Аты жоқ кандидат

Үміткерлердің 90 пайызы вакантты орындарға түйіндемені "Резюме" атты файлмен жібереді. Бұндай ұсақ-түйек арқылы жұмыс іздеуші рекрутерды қызықтыра алмайды.

Қызметке қабылдаушы бұндай жағдайда "бір типті" барлық электронды файлдарды қарап шықпауы әбден мүмкін.

№1 кеңес. Түйіндемеңіздің атауын тегіңіз бен есіміңізге және орналасқыңыз келетін лауазымға өзгертіңіз. Осындай жағдайда рекрутер сізді оңай тауып алады.

2. Сәтсіз фото

HR командасына көбінесе нормаға сәйкес келмейтін суреттері бар түйіндемелер келеді. Үміткерлер маңызды құжатқа селфиларын, ашық киімдегі суреттерін, үйлену тойындағы немесе достар арасындағы суреттерін қыстырып қойып жатады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

№2 кеңес. Түйіндемеде келбетіңіз анық көрінетін портретті сурет болғаны жөн.

* Түйіндемеде фотосуреттің болмауы қате деп есептелмейді. Егер нормаға сәйкес сурет болмаса, оны құжатқа кірістірмесеңіз де болады.

3. Қате байланыс

Кейде адамдар өздерімен байланысу жолдарын қатысты мәліметтерін қате көрсетеді. Содан кейін тілдесуге неге шақырмайды деп уайымға салынады. Үміткерлердің осындай мәліметтерді кішкентай қаріптермен жазып қоятын кездері көп болады. Байланыстың түйіндемедегі ең жақсы орны құжаттың жоғарғы жағы.

№3 кеңес. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен электронды почтаңыздың мекен-жайын түйіндемені жіберместен бұрын, тексеріп шығыңыз.

4. Жұмыс тәжірибесінің кестесі

Үміткер өз мансабын курьер ретінде бастап, ал қазір IT қызметкері болуы мүмкін. Сондықтан тәжірбиеңізге қатысты мәліметті ашық көрсетіңіз. Рекрутер сіздің кім екеніңізді және қандай тәжірибеңіз бар екенін түсінуі керек.

№ 4 кеңес. Өз тәжірибеңізді түйіндемеде соңғы жұмыс орнынан бастап біріншісіне дейін тізіп шығыңыз.

5. Екпін қойыңыз

25 жылдық тәжірибесі бар ер адам журналист ретінде жұмыс істегісі келді делік. Ол түйіндемеде даяшы пен сатушыдан бастап, осы лауазымға келмейтін барлық жұмыс істеген орындарын көрсетті. Ал 25 жыл ішінде тек 1 жыл ғана редактор болып жұмыс істеген.

№5 кеңес. Түйіндемеде тек өзіңіз орналасуға үмітті лауазымға қатысты жұмыс тәжірибеңізді көрсетіңіз.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Getty Images

6. Бар тәжірибе!

Сіз өзіңіз қолданбаған тәжірибеңізді немесе бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік міндеттеріңізді түйіндемеге жазбаңыз.

Рекрутермен тілдесу барысында үміткер өзінің жеке жобалары туралы сұрақтарға жауап беруі керек екенін ескертеміз. Өзіңізге адал болып, тек шындықты айтыңыз.

№6 кеңес. Жұмыс берушінің сұрақтарына жауап беруге дайын болу үшін бұрынғы қызметтік міндеттеріңізді нақты сипаттаңыз.

7. Шаблонды тіркестер

"Мен туралы" тармағында үміткерлердің көпшілігі тіл табысқыш, жауапкершілігі мол, төзімді деген сынды жаттанды тіркестерді көрсетеді. Бұлар үміткерді ерекшелендірмейді.

"Мен туралы" тармағында жұмыс беруші сіздің мотивацияңыз бен мансаптық мақсаттарыңыз туралы және белгілі бір бағытта жетістікке жетуге көмектесетін қасиеттер туралы білгісі келеді.

№7 кеңес. Түйіндемеде мансабыңызда не нәрсеге жеткіңіз келетінін және не себепті дәл сізді таңдау керек екенін көрсетуден тартынбаңыз.

8. Грамматикалық қателер

Түйіндемеңізде грамматикалық қателер мен негізсіз сипаттамалар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

№8 кеңес. Бұл факторға өте абай болыңыз. Түйіндемеңіз дайын болғанда басқа біреуге тексертіп алу артық етпейді.

9. Нақты қызметті көрсетіңіз

Сіз "қалайтын қызмет" деген тармақта жұмыс істегіңіз келетін нақты нұсқаны көрсетіңіз. "Кеңсе менеджері, HR маманы, визажист" нұсқасы жұмыс берушіні шатастырып жібереді.

№9 кеңес.

Түйіндемеде бір саланың бірнеше қызметін көрсете аласыз. Мысалы: маркетолог, SMM маманы деген сияқты. Ал одан көбірек болған жағдайда, сізге шешім қабылдауға кеңес береміз.

10. Жалақы

Кейде жас үміткерлер жұмыс тәжірибесі болмаса да жалақысын 500 000 теңге деп көрсетеді.

№ 10 кеңес. Өзіңіздің ұстанымдарыңыз бен мүмкіндіктеріңізді байыпты бағалаңыз. Ешкім қалаған жалақыңызды көрсетуге тыйым салмайды. Бірақ оның мөлшері нарықтағы орташа жалақы мөлшерінде екендігіне көз жеткізіңіз, әйтпесе олар сіздің талаптарыңызды асыра бағалайды деп санап, қоңырау шалмауы да мүмкін.

Түйіндеме жазу үшін көптеген ұсыныстар бар. Ең бастысы - адал болу. Түйіндемеде өзіңізді жұмысқа қатысты әсіре жақсы көрсетуге тырыспаңыз, өйткені сіздің жұмысыңызға қатысты барлық мәліметтерді тексеруге болады.

Сондай-ақ, NUR.KZ IT-компаниясы қолданушыларға Rabotanur.kz job-сервисі, NUR.KZ мобильді қосымшасы (Android және iOS), NURTV.KZ бейне-сервисі мен "Музыка Нур" әуезді қосымшасы секілді өзге де жобаларды ұсынады.

Тағы оқыңыз:

NUR.KZ фотокорреспонденті қалай жұмыс істейді

Instagram-дағы NUR.KZ аккаунты қалай жұмыс істейді

Гүлназ Абдували: KAZ.NUR.KZ - әлемдегі оқылымы ең көп қазақтілді жаңалықтар сайты

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1837038-tjindemede-zii-kezdesetin-10-katelik/

pixel