Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тұңғыш рет: NUR.KZ Android-смартфондарға арналған инновациялық виджетті іске қосты

Опубликовано:

Инновациялық виджет
Жаңалықтар виджеті: NUR.KZ

Енді Android қолданушылары үшін арнайы жаңалықтар виджеті қолжетімді. Оның көмегімен NUR.KZ оқырмандары қазақстандық БАҚ оқырмандары арасында бірінші болып қосымшаны ашпай-ақ басты жаңалықтарды біле алады: жаңалықтардың тақырыптары смартфонның жұмыс үстелінде бірден көрінетін болады.

Виджет не үшін қажет?

Оқырмандарына ыңғайлы бола түсуі үшін NUR.KZ ақпараттық технологиямен қатар дамып келеді. NUR.KZ виджеті – Android негізіндегі мобильді құрылғыларға арналған утилита (жақында iOS жүйесінде шығады). Ол екі соңғы жаңалықтың тақырыптарын смартфонның жұмыс үстелінде тікелей көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпаратты толығырақ оқу үшін тақырыбына бассаңыз жеткілікті, бірден қосымшадағы мақаланың толық нұсқасына өтесіз.

Осылайша, виджет жаңалықтар легін бақылауға және соңғы оқиғалардан қашан да хабардар болып отыруға мүмкіндік береді.

Виджетті қалай орнатуға болады

Виджет бүгінде тек Android үшін қолжетімді. Оны орнату үшін Google Play-ден табуға болатын фирмалық қосымшаны жүктеу қажет. Виджетті Android смартфонына мынадай жолмен қосуға болады:

  1. NUR.KZ қосымшасын орнатыңыз немесе орнатылған болса, оны жаңартыңыз. Ол үшін Google Play Market-тен NUR.KZ қосымшасын тауып, "Жаңарту" батырмасын басыңыз.
  2. Home экранында кез келген бос орынды басып, содан кейін мәзірдегі "Виджеттер" қойындысын басыңыз.
  3. Жоғарғы жағындағы іздеу жолағына "NUR.KZ" деп теріңіз немесе төмен қарай жылжытып, виджеттер тізімінен "NUR.KZ-ті" таңдаңыз.
  4. Виджетті кеңейтіңіз және оны жұмыс үстеліне жылжыту үшін кеңейтілген виджет экранын жібермей ұстап тұрыңыз.
NUR.KZ виджеті
Виджетті қалай орнатуға болады: NUR.KZ

Виджет қосылды. Енді оны жылжытуға және басқа виджеттердің арасында кез келген жерге қоюға болады.

Қалай қолдануға болады

Виджет екі соңғы жаңалықтың тақырыптарын шыққан бойда жаңартып көрсетеді. Жаңалық туралы толығырақ білгіңіз келсе, тақырыпты басыңыз, сонда қосымшадағы мақала терезесі ашылады. Мақаланың астында жаңалыққа қатысты басқа оқырмандардың пікірлерін оқуға арналған "Пікірлер" батырмасы, мақаланы әлеуметтік желілерде бөлісуге арналған "Бөлісу" және мақаланы кейінірек оқу мақсатында бетбелгі қоюға арналған "Сақтау" батырмалары орналасқан. Төменде "Тағы да оқыңыз" блогы бар, әрі қарай жылжытсаңыз, басқа да тың жаңалықпен таныса аласыз. Виджеттегі NUR.KZ логотипін бассаңыз, қосымшаның басты беті бірден ашылады.

NUR.KZ үшін оқырмандардың Қазақстанға және бүкіл әлемге қатысты шұғыл жаңалықтарды жедел түрде біліп отырғаны маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1970974-elimizde-tungys-ret-nurkz-android-smartfondarga-arnalgan-innovaciyalyq-vidzetti-iske-qosty/

pixel