Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ әзірлеушілер тобы қаржы және спорт жаңалықтарын жазу үдерісін автоматтандырды

Опубликовано:

NUR.KZ әзірлеушілер тобы қаржы және спорт жаңалықтарын жазу үдерісін автоматтандырды
Көрнекі сурет: Pixabay

NUR.KZ ақпараттық порталының редакциясы күніне 150-ге жуық материал жариялайды. Енді олардың кейбірі әзірлеушілер тобы құрған алгоритм негізінде автоматты түрде дайындалады. Робот редакцияға футбол матчтары мен валюта бағамдарына шолу жазу үдерісінде көмектеседі.

Біздің әзірлеушілер тобы мәтіндік мақала үлгісі мен бағдарламалық алгоритм негізінде веб-сайт үшін материалды автоматты түрде жасайтын қызметті әзірледі. Бұл редакторлардың жүйелі түрде қажет ақпаратты іздеуге кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мәселен авторға енді әр валюта мен криптовалюта бағамдарын іздеудің қажеті жоқ. Енді олар автоматты түрде алдын ала жасалған үлгіде шығып тұрады.

Футбол матчтарына шолу жасау алгоритмі де сол принцип бойынша жұмыс істейді. Өткізу орны, қорытынды есеп, голдардың реті, командалардың аттары – мұның барлығы автоматты түрде оқылатын мәтінге жинақталады.

Редакторға өзгенің жазған мәтінін қалай тексерсе, үлгідегі мәтінді де дәл солай тексеру ғана қалады және қажет болған жағдайда қандай да бір түзету енгізіп, "Жариялау" батырмасын басса жеткілікті.

Автоматты түрде жасалған мақалалардың мысалдары:

"Біз үшін ақпараттың өзектілігі, жылдам әрі сапалы деңгейде ұсынылуы маңызды. Әзірлеуші топ бізге бұл тапсырманы жеңілдетті. Үлгінің ыңғайлылығы соншалық, материалды бір минутта жариялауға мүмкіндік береді, әдетте біз мұндай материалға көбірек уақыт жұмсайтын едік. Енді оқырмандарымыз еліміздің басты қалаларындағы банктің де, айырбастау пункттерінің де бағамынан күнделікті хабардар болып отырады", - деп бөлісті NUR.KZ сайтының редакторы Жұлдыз Кенжеғалиева.

ҚР Ұлттық банкінде және Қазақстанның ірі мегаполистеріндегі айырбастау пункттеріндегі теңгенің долларға, рубльге және еуроға қатысты бағамын "Банктер" айдарынан біле аласыз.

Криптовалюта құнының құбылмалылығы туралы ақпаратты (Bitcoin, Tronix, Ethereum, Decentraland және т.б.) "Қор нарығы" айдарынан алуға болады.

NUR.KZ
Скриншот: NUR.KZ

Футбол матчтарының нәтижелерін "Футбол" айдарынан оқыңыз.

Сондай-ақ оқырмандарға ыңғайлы болу үшін редакция @nurkzbot – Telegram-ботын іске қосты. Оны қосымшада іске қосу арқылы сіз Қазақстанның барлық қаласы үшін ағымдағы валюта бағамы туралы ақпаратты (фунт стерлингі, АҚШ доллары, еуро, қытай юані, ресей рублі, швейцариялық франк, қырғыз сомы) ыңғайлы форматта ала аласыз. Біздің Telegram-ботымызға жазылыңыз - @nurkzbot!

Қазақстандық NUR.KZ порталын айына 12 миллионнан астам оқырман оқиды, ал қаралым саны ай сайын 100 миллионнан асады. Оқырмандар саясат, шоу-бизнес, қаржы, қоғам, спорт және т.б саладағы жаңалықтармен танысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1980106-nurkz-azirleusiler-toby-qarzy-zane-sport-zanalyqtaryn-zazu-uderisin-avtomattandyrdy/

pixel