Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ ұжымы пікір қалдыру жүйесін жетілдіре түсті

Опубликовано:

NUR.KZ-тегі пікірлер
NUR.KZ-тегі пікірлер скриншоты. Көрнекі сурет: NUR.KZ

NUR.KZ ұжымы пікірлерді модерациядан өткізу және жариялау жүйесін жасап шығарды. Енді модератордың мақалалар астындағы пікірлерді тексеруге арналған жеке құралы бар. Оқырмандар пікірлерге өз реакциясын қалдыра алады.

Модерация мәселелері

Модерация оқырмандарға қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Модераторлар пікірлер арасында темекі шегу, нашақорлықты насихаттау, әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздыру, балағат сөздер және т.б. болмауын қадағалай алады. Осыған дейін NUR.KZ пікірлерді модерациялау үшін Talk қызметін пайдаланған. Команда бұл жүйеден бас тартуға шешім қабылдады, себебі пайдалану параметрлерін орнату қиынға соқты. Сондай-ақ Talk пікірлер жиынтығын iframe ретінде жүктейді, сондықтан Googlebot оларды таппайды. Іздеу жүйесі - NUR.KZ үшін маңызды трафик көзі саналғандықтан, бұл мәселе өзекті болды.

Модерацияның жаңа мүмкіндіктері

NUR.KZ ұжымы модераторлар үшін пікірлерді тексеретін жеке админ панелін дайындау туралы шешім қабылдады. Бірнеше ай бойы үздіксіз жасалған жұмыстан кейін өзге сервистерден тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін модерация құралын жасап шығардық. Бұл модераторлардың жұмысы жеңіл әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Реакциялар

NUR.KZ-ке жазылған пікірлер
NUR.KZ-те пікір қалдыру ережесіндегі өзгерістер. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Пайдаланушылар үшін пікірлерге реакция қалдыру мүмкіндігі пайда болды. Енді оқырмандар смайл таңдау арқылы мақалаға, пікірге өз реакциясын көрсете алады. Адамның көңіл күйін сипаттайтын эмодзилер жиынтығы қарастырылған. Жаңа функция порталдың веб-сайты мен мобильді нұсқасында қолжетімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2008856-nurkz-uzymy-pikir-qaldyru-zuiesin-zetildire-tusti/

pixel