Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі бір жерде" жаңа мәзірі: KAZ.NUR.KZ сайтындағы навигация жеңілдей түсті

Опубликовано:

KAZ.NUR.KZ сайтының басты беті
KAZ.NUR.KZ сайтының басты беті көрсетілген ноутбук. Фото: NUR.KZ

KAZ.NUR.KZ сайтында жаңа навигациялық мәзір пайда болды. Жаңа мәзір сайттың қолданысын жеңілдетіп, қызықты айдарларды, мақалалар мен жаңалықтарды оңай табуға мүмкіндік береді. Бұл мәзір несімен ыңғайлы екенін және ол қалай жұмыс істейтінін мақаламызда баяндамақпыз.

Осы уақытқа дейін KAZ.NUR.KZ сайтының жоғарғы бөлігінде мәзірден өтуге болатын контенттің негізгі категориясы көрсетілетін. Ашық тұрған бөліммен байланыстырылған бөлімшелер соны басқаннан кейін ғана қолжетімді болатын. Жоғарғы мәзірде порталдағы айдардың барлығы көрінбегендіктен, бұл пайдаланушылар үшін ыңғайсыз еді: оқырмандар арасында көп оқылатын тақырыптарды табу үшін төменге түсу көп уақытты алатын. Мұндай айдарларға өту үшін аталған категория бойынша соңғы жарияланған жаңалықтар тұратын блоктарға түсу керек еді.

Енді сайтта бұл процессті жеңілдетуге мүмкіндік беретін айдарлардың толық тізімі шығып тұратын ыңғайлы навигациялық мәзір қолжетімді. Бір-екі рет басып, тек қана қажетті бөлімді ғана емес, сондай-ақ қажет болса оның бөлімшелерін де таңдауға болады. Нацигациялық мәзір оқырмандар үшін KAZ.NUR.KZ -тің web-нұсқасында да, мобильді қосымшасында да қолжетімді. Мобильді қосымшада "мәзір" сөзі шықпағанымен бірақ оны бірден тануға болады. Мәзір қосымшада үш көлденең сызық түрінде көрініп тұрады.

Мәзірді сайттың кез келген бөлімінен немесе басты беттен экранның жоғарғы сол жақ бөлігінен таба аласыз. Оны басқан кезде толық тізім шығады: ең жоғарғы жағында ұсынылатын бөлімдер тұрады, ал одан кейін сайттағы барлық айдар әліпби ретімен шығады. Оқырмандар үшін ыңғайлы болу үшін дәл сол мәзірде орыс бөлімінен қазақшаға немесе керісінше ауысуға мүмкіндік бар. Мәзірдің төменгі жағында біздің әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаға сілтеме бар, кері байланыс батырмасының көмегімен сіз тілектеріңіз бен пікірлеріңізді қалдыра алсаңыз, "Біз туралы" бөлімінде редакциямен байланыс және KAZ.NUR.KZ туралы өзге де ақпарат жазылған.

Мәзірдегі тізімнен өзіңіз қалаған айдарды тауып, оған өте аласыз. Егер айдар атауының оң жағында нұсқау белгісін көрсеңіз, онда бұл айдардың бөлімшелері бар деген сөз. Оларды ашу үшін айдардың үстінен шерту керек. Нақты бір айдардың бөлімшесіне басу арқылы сайттан тікелей сол айдаршаға өтуге болады.

Мәзірмен қоса тіркелген пайдаланушылар үшін KAZ.NUR.KZ профиліне кіруге арналған батырманы да анағұрлым ыңғайлы еттік. Енді ол айқынырақ көрініп тұр және мәзірмен қатар, бұрынғыша сол жақ бөлігінде тұр. Одан төменірек тілдерді ауыстыруға арналған “Сайттың нұсқасы” батырмасы орналасқан. Тілдерді енді жаңа мәзір арқылы да, профиль батырмасынан төмен орналасқан сайт "шапкасы" арқылы да ауыстыруға болады. Айтпақшы, егер сайтымызда тұрақты пайдаланушы ретінде тіркелмеген болсаңыз, онда тіркеліп алуды ұсынамыз. Себебі тек тіркелген оқырмандар ғана жаңалықтарды талқылауға қатыса алады: пікір жазып, өзге пайдаланушылардың пікіріне әсер белгісін қалдыру мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ тіркелген пайдаланушыларға арнап ұсыну жүйесі секілді өзге де артықшылықтар берілген.

Енді KAZ.NUR.KZ сайтын қолдану анағұрлым жеңілдей түсті. Мәзір сайт бойынша навигацияны оңтайландырады, ал бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлық соңғы жаңалықты бірінші болып біліңіз, пайдалы кеңестерді, мақалалар мен сұхбаттарды кез келген уақытта оқып, бетбелгіге сақтап қойыңыз. Мәзірде барлық айдар айқын көрініп тұрса және олар бір ғана шерту арқылы қолжетімді болса, маңызды ақпаратты жіберіп алмау қиынға соқпасы анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2023948-bari-bir-zerde-zana-maziri-kaznurkz-saityndagy-navigaciya-zenildei-tusti/

pixel