Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ порталының журналисі Юлия Абрамова "Amanat медиа сыйлығы-2023" байқауының жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Марапаттау рәсімі
"Amanat медиа сыйлығы - 2023" байқауының марапаттау рәсімі. Фото: NUR.KZ

NUR.KZ ақпараттық порталының журналисі Юлия Абрамова Түркияға көмекке барған қазақстандық құтқарушылар жайында жазған мақаласы үшін "Азаматтық борыш туралы үздік материал" номинациясы бойынша марапатталды.

Amanat партиясы жыл сайын БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында түрлі номинация бойынша үздік журналистерді анықтауға арналған байқау өткізеді. Биыл NUR.KZ журналисі Юлия Абрамова "Amanat медиа сыйлығы – 2023" республикалық байқауының жеңімпаздарының бірі атанды.

Сыйлық иегерлері БАҚ жанрына қарамастан тақырыптық бағыт бойынша анықталады. Байқаудың мақсаты – кәсіби және жауапкершілігі мол журналистерді қолдау, сондай-ақ БАҚ саласын дамыту. Amanat партиясы "Азаматтық борыш туралы үздік материал" номинациясы бойынша Юлия Абрамованы ерекше атап өтті.

NUR.KZ журналисі бұл сыйлықты Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған адамдарды іздеуге ат салысқан қазақстандық құтқарушылар туралы мақаласы үшін алды. Мақаланың басты кейіпкерлері – 23 жастағы құтқарушы Евгений Мұстафин, құтқарушы-кинолог Дамир Гизатулин және оның көмекшісі Лига есімді иті. Құтқарушылар Түркиядағы жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берген.

Марапаттау рәсімі
"Amanat медиа сыйлығы - 2023" байқауының марапаттау рәсімі. Фото: NUR.KZ

Amanat партиясы осымен 14 рет журналистер арасында республикалық байқау өткізіп отыр. Осы жылдар ішінде отандық медиа саласының 150-ден астам кәсіби маманы осы мәртебелі байқаудың жеңімпазы атанды. Биыл байқауды өткізу тәртібі мен ережелеріне өзгеріс енгізіліп, арнайы номинациялар қосылды.

Байқауға барлығы 300-ге жуық қатысушыдан 2000-ға жуық жұмыс келіп түскен. Басым көпшілігін, атап айтқанда 60 пайызын өңірлік БАҚ-тың туындылары құрайды. Бір қызығы, биыл YouTube жобаларына да қатысуға рұқсат етілді. Нәтижесінде 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, 3 арнайы сыйлық табыс етілді.

Марапаттау рәсімі 26 маусымда өтті. Сыйлықтарды парламент мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Сергей Пономарев табыс етті. Юлияның салтанатты шараға қатысу мүмкіндігі болмағандықтан, оның орнына марапат әріптесі, NUR.KZ редакторы Кристина Кривцановаға табыс етілді. Юлия Абрамова арнайы мүсінше, диплом мен 500 мың теңгелік сертификаттың иегері атанды. Әріптесімізді құттықтаймыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2028303-nurkz-portalynyn-zurnalisi-yuliya-abramova-amanat-media-syilygy-2023-baiqauynyn-zenimpazy-atandy/

pixel