Нұсқаулық: Google профилін NUR.KZ-тегі профильмен қалай байланыстыруға болады
Жарияланған күні:
NUR.KZ-те бірі телефон нөмірі бойынша, ал екіншісі Google арқылы тіркелген екі профиліңіз бар болса, алаңдамаңыз! Біз Google профиліңізді NUR.KZ-тегі профиліңізге оңай әрі жылдам бекітіп қоюдың егжей-тегжейлі нұсқаулығын әзірледік.
Егер сіз екі профильге иелік ететін болсаңыз және Google профиліңізді телефон нөмірінің профиліне бекітіп қойғыңыз келсе, мына әрекеттерді жасаңыз:
1. Google профилін пайдаланып, NUR.KZ сайтына кіріңіз
Ол үшін "Google арқылы кіру" батырмасын басып, Google аккаунтіңізге кіру үшін нұсқаулықты орындаңыз.
2. NUR.KZ сайтындағы Google профиліңізге бекітілген профильді өшіріңіз
Google профиліңіз арқылы сайтқа сәтті кіргеннен кейін NUR.KZ сайтындағы профильді баптауға өтіңіз. Сол жерден профиліңізді өшіре аласыз. Бұл Google электронды поштаңыздың мекенжайын сайтта басқа профильмен қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді.
Мынаны ескеріңіз, профильді өшірген кезде онда сақталған ақпарат та (никнейм, туған күніңіз, жынысыңыз және т.б.) қайта қалпына келтірілмейтіндей етіп өшіп қалады. Бұдан бөлек ол профильден пікір жаза алмайсыз.
3.Телефон нөмірін пайдаланып, NUR.KZ сайтындағы басқа профиліңізге кіріңіз
Google профиліңізге бекітілген профильді өшіргеннен кейін телефон нөміріңіз бен құпия сөзді пайдаланып, NUR.KZ сайтындағы басқа профиліңізге кіріңіз.
4. Google профиліңізді NUR.KZ сайтындағы аккаунтыңызға бекітіп қойыңыз
NUR.KZ сайтындағы қазіргі профиліңізге кіргеннен кейін профильдің баптауына өтіңіз. Сол жерден "Google-мен байланыстыру" опциясын тауып алып, сол батырманы басыңыз. Сонан соң тізімнен өзіңізге қажет Google профильді таңдаңыз.
Осы қарапайым қадамды жасай отырып, сіз Google профиліңізді NUR.KZ сайтындағы аккаунтіңізге қайта бекітіп, сайттағы барлық функцияны емін-еркін қолдана аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2064924-nusqaulyq-google-profilin-nurkz-tegi-profilmen-qalai-bailanystyruga-bolady/