Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KAZ.NUR.KZ-те енді мақалалардың мазмұнын жылдам көруге болады

Жарияланған күні:

Мақалалардың қысқаша мазмұны
Мақалалардың қысқаша мазмұны: KAZ.NUR.KZ.

KAZ.NUR.KZ командасы сайтқа жаңа функцияларды белсенді түрде енгізіп, тестілеуден өткізіп жатыр. Мұндағы басты мақсат — ресурсты пайдаланушыларға барынша ыңғайлы ету. Мәселен бұдан былай оқырмандар мақаланың қажет тұсын қысқаша мазмұны арқылы өтіп, оқып ала алады.

Интерактивті мазмұн мақала не туралы екенін тез ұғынуға мүмкіндік береді. Оқырман өзіне қызықты бөлімін не бөлімшелерін оқу үшін тізімдегі тақырыпшаларға басу арқылы өтіп, оқи алады. Бұл функция мақала бірнеше бөлімнен тұратын, көлемді болған кезде өте ыңғайлы.

Бұл жаңа функция "Ханшайым" айдарындағы мақалаларға қойыла бастады. Тесттер мен веб-трафикке жасаған талдаулар интерактивті мазмұнды енгізу пайдаланушылар үшін пайдалы болғанын көрсетті. Сондықтан, сайттағы барлық көлемді материалдың мазмұнын көрсетуді жөн көрдік.

Енді екі бөлімнен тұратын барлық жарияланымда автоматты түрде интерактивті мазмұн пайда болады. Мақала мазмұнын қарап, ондағы өзіңізге ұнаған бөлімді таңдап, үстінен шертсеңіз, сіз бірден қажетті бөлімге өтесіз.

Интерактивті мазмұнның бір ыңғайлы жері, ол гаджеттердің әр түріне бейімделген. Бұл KAZ.NUR.KZ материалдарын телефоннан не планшеттен оқитын оқырмандарға қажетті ақпаратқа тез қол жеткізуіне мүмкіндік бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2149771-kaz-nur-kz-te-endi-maqalalardyng-mazmunyn-zhyldam-koruge-bolady/