KAZ.NUR.KZ мобильді қолданбасы: нұсқаулық және тіркелген қолданушыларға берілетін басымдықтар
Жарияланған күні:

KAZ.NUR.KZ мобильді қолданбасына қош келдіңіз! Бұл мақаламызда нені және қайдан іздеуге болатынын, сондай-ақ KAZ.NUR.KZ-ке тіркелген қолданушыларға қандай артықшылықтарын барын айтып береміз.
- KAZ.NUR.KZ мобильді қолданбасы Қазнеттегі ең танымал жаңалықтар ресурстарының бірі болып табылады, онда күнделікті өзекті жаңалықтар мен әртүрлі тақырыптағы мақалалар жарияланады.
- Қолданба пайдаланушыларға ыңғайлы навигация, жаңалықтар бөлімдері, тілді ауыстыру мүмкіндігі және хабарландыруларды теңшеу сияқты функцияларды ұсынады.
- Тіркелген пайдаланушылар мақалаларға пікір қалдыру, эмодзилер арқылы реакция білдіру, жеке ұсыныстар алу, мақалаларды сақтау және тақырыптық хат-хабарларға жазылу сияқты қосымша мүмкіндіктерге ие болады.
KAZ.NUR.KZ-ке қош келдіңіз, бұл Қазнеттің ең көп оқылатын жаңалықтар ресурстарының бірі. Күн сайын портал беттерінде өзекті жаңалықтар, сондай-ақ әр түрлі тақырыптағы лайфстайл және білім беру саласындағы жарияланымдары шығып отырады. Ресурстағы мақалаларды веб-браузермен де, мобильді қосымшамен де оқи аласыз. Қолданбаның функционалдығы қолданушыларға ең маңызды жаңалықтар туралы уақтылы хабарландырулар алуға мүмкіндік береді. Оқырмандарға сайтта тіркелген қолданушылардың артықшылықтары да қолжетімді.
Навигация туралы
Мобильді қолданбадағы навигация туралы айтып берейік. Интерфейстің басты бетіндегі төменгі тармақта "Топ жаңалықтар", "Барлық жаңалық" және "Нұрфин" орналасқан.
"Топ жаңалықтар" бөлімінде маңызды және өзекті жарияланымдар көрсетілген. Айдарлар тізімін көру үшін басты бетте орта тұстағы төменгі жақта орналасқан "Барлық жаңалық" түймесін басыңыз.
Әр айдарды ашуға және онда жарияланған жарияланымдарды көруге болады. Айдар атауының астында пайда болған қосымша жол арқылы айдарлардың ішінде тағы айдаршалар барын көрсетеді. "Нұрфин" бөлімі қаржы жаңалықтарына арналған, мұнда сіз валюталардың өзекті бағамын таба аласыз.
Сайттың тілдік нұсқасын экранның жоғарғы сол жақ мәзірінде орналасқан жылжытпа түріндегі белгішенің көмегімен орыс тілінен қазақ тіліне ауыстыруға болады. Сол мәзірде сіз жоба туралы толық ақпарат ала аласыз, пікір жазу және материалдарды пайдалану ережелерімен таныса аласыз, хабарламаларды теңшей аласыз немесе мәтін өлшемін өзгерте аласыз. "Кіру" түймесін басу арқылы жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз.
Қолданбада тіркелген қолданушыларға онымен өзара әрекеттесуді ыңғайлы және дербес артықшылықтар қолжетімді. Тіркелген қолданушылар қандай қосымша артықшылықтарға ие болатынын толығырақ айтып берейік.
Мақалаларға пікір қалдыру және талқылауға қатысу
Тіркелген қолданушылар мақалаларға қатысты пікір қалдырып, өз ойларын және пікірлерін бөлісе алады. Бұл үшін қазақстандық телефон нөмірі арқылы тіркеуден өту қажет немесе бұрын тіркелген болуы қажет. Бұл ҚР "Ақпараттандыру туралы" заңында қарастырылған, оған сәйкес, телефон нөмірі бойынша тіркеуден өтпеген жағдайда пікір жазуға тыйым салынған.

Пікір қалдыру формасы жарияланымның астында орналасқан. "Алғашқы пікір жазу" немесе егер сіз бірінші пікір қалдырушы болмасаңыз, "Талқылауға өту" түймелерін басыңыз. Сайт әкімшілігі материалды пікір қалдыруға тыйым салу құқығына ие. Сондай-ақ пікір қалдыру ережесін бұзған қолданушыны блоктау құқығы модераторға беріледі.
Жарияланымдарға мен пікірлерге қойылатын реакциялар
KAZ.NUR.KZ оқырманға мәтіндік пікір қалдыруды қаламаса, пікірлер мен жарияланымдарға эмоцияларын көрсету үшін эмодзилерді пайдалануды ұсынады. Мобильді қолданбада тіркелген қолданушылар алты түрлі эмодзи қалдыра алады. Егер сізге мақала ұнаса, лайк немесе жүрекше қоя аласыз. Басқа эмоцияларыңызды білдіргіңіз келсе, қуаныш, мұң, таңғалу немесе ашулану сезімін білдіретін эмодзилерді қолданыңыз.

Реакциялар мақалалардың астында ғана емес, пікірлердің астында да қолжетімді. Осылайша, басқа қатысушылардың пікіріне өз көзқарасыңызды көрсетіп, сәйкес смайлик таңдай аласыз. Бұл функционал жарияланымдардың астында қолжетімді.
Ұсыныстар лентасы
Дербес контент – тіркелген қолданушыларға берілетін тағы бір артықшылық. Ол оқырманның қызығушылық аясындағы тақырыптарынан құралады. Ол қандай мақалаларды оқығаныңызды, сондай-ақ олардың тақырыбын талдап, сізге қызық болуы мүмкін материалдарды ұсынуға тырысады. Айта кетейік, KAZ.NUR.KZ дербес дерек пен қауіпсіздікке өте мұқият қарайды, сондықтан қолданушы туралы жинаған деректері аноним болады.

Жүйе жұмыс нәтижесі — "Сіз үшін" блогында пайда болатын ұсыныстар. Жеке контент жасау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады, KAZ.NUR.KZ әзірлеушілер командасы көптеген тестілеу мен қолданушы сауалнамаларын жүргізіп, жүйенің ішкі алгоритмдерін жақсартады.
Мақалаларды сақтап алу
KAZ.NUR.KZ оқырмандардың ресурспен және қолданбамен етене әрекеттесуі үшін функция қосылды. Мобильді қолданбада тіркелген қолданушылар мақалаларды сақтап, кейінірек оқуға арналған жеке тізім жасай алады.

Қолданбада мақаланы сақтау үшін құсбелгіні басу қажет. Ол мәтіннің жоғары жағында, мақала тақырыбының астында, пікірлер мен реакциялар белгішелерінің жанында орналасқан.
Тіркелген қолданушының артықшылықтарын алу
KAZ.NUR.KZ мобильді қолданбасында тіркелген қолданушының артықшылықтарын тек қазақстандық мобильді телефон нөмірі арқылы алуға болады. Қолданбада аккаунт ашу үшін немесе оған кіру үшін экран мәзірінің сол жақ жоғарыдағы мәзірге басу керек. "Аккаунт ашу/кіру" түймесін басыңыз.

Егер сіз сайтта телефон нөміріңіз арқылы тіркелген болсаңыз, нөміріңіз бен құпиясөзіңізді теріп, "Кіру" түймесін басыңыз. Ал аккаунтыңыз жоқ болса, экранның төменгі жағындағы "Ашу" түймесін басыңыз. Сосын никнейміңізді жазып, телефон нөміріңізді теріңіз де аккаунтыңызға құпиясөз ойлап табыңыз. Одан кейін "Тіркелу" батырмасын басыңыз.
Сайтқа тіркелу қолданушыларға материалдарды оқу мен қараудан басқа, талқылауларға қатысуға, мақалалар мен басқа қолданушылардың пікірлеріне реакция қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқырмандардың жеке қызығушылықтары негізінде жаңалықтар лентасы ұсынылады. Қолданушылар мақалаларды сақтау немесе тематикалық хат-хабарға жазылу мүмкіндігіне ие.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2163540-kaz-nur-kz-mobildi-qoldanbasy-nusqaulyq-zhane-tirkelgen-qoldanushylarga-beriletin-basymdyqtar/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.