KAZ.NUR.KZ-ке қош келдіңіз: сайтты қалай қолдану керек және тіркелу не үшін қажет
Жарияланған күні:

Егер сіз сайтымызға бірінші рет кіріп тұрсаңыз немесе оны көп қолданбайтын болсаңыз, сайттан нені қалай іздеу керектігін біздің мақаламыздан біле аласыздар. KAZ.NUR.KZ-ке тіркелген пайдаланушылар үшін көптеген артықшылық қарастырылған.
- KAZ.NUR.KZ - Казнеттегі ең танымал жаңалықтар порталдарының бірі. Сайт оқырмандарға күнделікті жаңалықтар, ойын-сауық және білім беру материалдарын ұсынады.
- Порталда навигация оңай: басты бетте маңызды жаңалықтар көрсетіледі, ал "Мәзір" бөлімінде барлық рубрикалар тізімі бар. Сайтты қазақ немесе орыс тілінде қолдануға болады.
- Тіркелген қолданушылар мақалаларға пікір қалдыру, талқылауға қатысу, реакция білдіру, жеке ұсыныстар алу және мақалаларды сақтау сияқты қосымша мүмкіндіктерге ие болады.
NUR.KZ порталына қош келдіңіз – бұл Казнеттің ең көп оқылатын жаңалық ресурстарының бірі. Біздің үлкен авторлар командасы күн сайын жаңа жарияланымдар жасаумен айналысады, жаңалықтар, ойын-сауық және білім беру материалдарын әртүрлі тақырыпта ұсынады, ал техникалық команда KAZ.NUR.KZ қолданушыларға ең ыңғайлы юзабилити ұсыну үшін бар күш-жігерін жұмсайды.
Навигация туралы
Сайттағы навигацияға қысқаша шолу жасайық. Ең маңызды және өзекті жарияланымдар сайттың басты бетінде көрсетіледі және төмен қарай жылжыған кезде рубрикаларға бөлінеді. Сайттың веб-нұсқасында барлық рубриканың толық тізімі "Мәзір" бөлімінде қолжетімді, оның батырмасы басты беттің сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан. Әрбір рубриканы ашып, сол рубрикадағы жарияланымдарды көруге болады. Рубрика атауының оң жағындағы жебе қосымша рубрикалардың бар екенін көрсетеді.
Сонымен қатар сайттың мәзірінде біздің әлеуметтік желілердегі беттерімізді көруге, оларды жазылуға, мобильді қосымшаны жүктеуге, бізге пікір қалдыруға және басқа да мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.Сайттың тілдік нұсқасын қазақ тілінен орыс тіліне ауыстыру үшін мәзірдің үстіндегі көлбеу жүгірткішті пайдалану қажет. Сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан "Кіру" батырмасын басу арқылы авторизациялануға немесе тіркелуге болады.
Сайтқа тіркелген қолданушыларға порталмен өзара әрекеттесу кезінде көптеген артықшылық ұсынылады. Тіркелген қолданушылар мен сайт қонақтары үшін қосымша артықшылықтарды қарастырамыз.
Мақалаларға пікір қалдыру және талқылауға қатысу

Тіркелген қолданушылар мақалаларға қатысты пікір қалдырып, өз ойларын және тәжірибелерін бөлісе алады, сондай-ақ басқа қолданушылармен талқылауға қатыса алады. Бұл үшін қазақстандық телефон нөмірі арқылы тіркеуден өту қажет. Қазақстанда веб-сайттарда телефон нөмірі арқылы авторизациясыз пікір қалдыру "Ақпараттандыру туралы" заң бойынша тыйым салынған, сондықтан KAZ.NUR.KZ-ке Google профиліңіз арқылы кірген кезде тек реакция қалдыруға болады, бірақ пікір жазу мүмкін емес.Пікір қалдыру формасы веб-нұсқада жарияланымның астында орналасқан. Сайт әкімшілігі материалды пікір қалдыруға тыйым салу құқығына ие. Сондай-ақ пікір қалдыру ережесін бұзған қолданушыны блоктау құқығы модераторға беріледі.
Жарияланымдар мен пікірлерге қойылатын реакциялар

KAZ.NUR.KZ оқырманға мәтіндік пікір қалдыруды қаламаса, пікірлер мен жарияланымдарға эмоцияларын көрсету үшін эмодзилерді пайдалануды ұсынады. Пайдаланушыларға алты эмодзи қолжетімді, олар адамның негізгі эмоцияларын білдіреді. Тіркелген оқырмандар лайк, жүрек, күлкі, мұң, таңдану немесе ашу эмоцияларын көрсете алады. Реакциялар мақалалардың астында ғана емес, пікірлердің астында да қолжетімді. Осылайша, басқа қатысушылардың пікіріне өз көзқарасыңызды көрсетіп, сәйкес смайлик таңдай аласыз. Бұл функционал жарияланымдардың астында қолжетімді.
Ұсыныстар лентасы
Тіркелген қолданушыларға KAZ.NUR.KZ сайтында жеке қызығушылықтарына сәйкес келетін контент ұсынылады. KAZ.NUR.KZ жеке деректер мен қауіпсіздікке өте мұқият қарайды, сондықтан қолданушылар туралы жинаған ақпарат аноним тұрғыда болады.

Жүйе сайтта қандай мақалаларды оқығаныңызды, сондай-ақ олардың тақырыбын талдап, сізге қызық болуы мүмкін материалдарды ұсынуға тырысады. Жүйе жұмыс нәтижесі — "Сіз үшін" блогында пайда болатын ұсыныстар. Жеке контент жасау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады, KAZ.NUR.KZ әзірлеушілер командасы көптеген тестілеу мен қолданушы сауалнамаларын жүргізіп, жүйенің ішкі алгоритмдерін жақсартады.
Мақалаларды сақтап алу

KAZ.NUR.KZ сайтында жақында жаңа функция қосылды, ол оқырмандармен өзара әрекеттесуді одан әрі тиімді етеді. Енді сіз сайтқа тіркелмей-ақ мақалаларды сақтап, кейінірек оқуға арналған жеке тізім жасай аласыз. Веб-сайтта мақаланы сақтау үшін, мәтіннің астындағы пікірлер мен реакциялар белгілерінің сол жағында орналасқан құсбелгісін басу қажет.
Тіркелген қолданушының артықшылықтарын алу
KAZ.NUR.KZ-те тіркелген қолданушының артықшылықтарын алу үшін Google аккаунттың көмегіне жүгінген жөн. Google арқылы авторизациялану үшін сілтеме бойынша өтіп, "Кіру" батырмасын басып, "Google арқылы кіру" түймесін таңдауы қажет. Бұл тіркелу тәсілі және телефон нөмірі арқылы тіркелу толықтай қауіпсіз.

Сайтқа тіркелу қолданушыларға материалдарды оқу мен қараудан басқа, талқылауларға қатысуға, мақалалар мен басқа қолданушылардың пікірлеріне реакция қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқырмандардың жеке қызығушылықтары негізінде жаңалықтар лентасы ұсынылады. Қолданушылар мақалаларды сақтау немесе тематикалық хат-хабарға жазылу мүмкіндігіне ие.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2165800-kaz-nur-kz-ke-qosh-keldingiz-saitty-qalai-qoldanu-kerek-zhane-tirkelu-ne-ushin-qazhet/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде