NUR.KZ оқырмандар арасындағы ай сайынғы ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
NUR.KZ редакциясы тұрақты оқырмандарды ынталандыру бағдарламасы аясындағы алғашқы ұтыс ойынының қорытындысын шығарды. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды — акция ережелерінде қарастырылғандай, бәрі әділ әрі ашық өтті.
Естеріңізге сала кетейік, мына бес мәртебенің біріне ие болған тіркелген пайдаланушылар ұтыс ойынына қатысуға құқылы болды: Салт атты, Ақылман, Ұраншы, Шежіреші, Бәйтерек. Бұл мәртебелердің әрқайсысы оқырманның сайтқа қатарынан 30 күн немесе одан да көп уақыт бойы үздіксіз кіріп отырғанын растайды.
Мамырдағы жеңімпаздар:
- Салт атты: 30 (отыз) күнтізбелік күн — 3 жүлде (Megogo сервисіне бір жылдық жазылым):
mej***********rov@gmail.com, ser*****kov@gmail.com электронды пошталары және +7777***7372 телефон нөмірі арқылы тіркелген қолданушылар.
- Ақылман: 60 (алпыс) күнтізбелік күн — 2 жүлде (Megogo сервисіне бір жылдық жазылым):
jur*****25@gmail.com және kon*******ey@gmail.com пошталары арқылы тіркелген қолданушылар.
- Ұраншы: 90 (тоқсан) күнтізбелік күн — 1 жүлде (аэрогриль):
kaz*******42@gmail.com поштасы бар пайдаланушы.
- Шежіреші: 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн — 1 жүлде (ауа ылғалдандырғыш):
erk***07@gmail.com поштасы арқылы тіркелген қолданушы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Редакция өкілдері жүлдені табыстаудың егжей-тегжейін нақтылау үшін сіздермен байланысқа шығады.
NUR.KZ-тің ынталандыру бағдарламасы әлі де жалғасын таппақ. Егер бұл жолы жолыңыз болмаса, көңіл күйіңізді түсірмеңіз. Ұтыс ойыны ай сайын өткізіліп тұрады және әрбір белсенді оқырманның келесі айда жеңіске жету мүмкіндігі бар. Ең бастысы — сайтқа күнделікті үзбей кіріп отыруды ұмытпау.
Өтінімді біздің сайттағы жеке кабинетіңізде бере аласыз. Ол үшін профиліңізге кіріп, Белсенділік бөліміндегі Сыйлықтар ұтысы қосымша бетін ашуыңы керек.
Ұтысқа қатысу үшін не істеу керек:
- Сайтқа тіркеліңіз.
- Сайтқа тәулігіне кемінде бір рет кіріп тұрыңыз — осылайша бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіздің саны өседі;
- Сайтта қатарынан болған күндеріңіз көбейген сайын, мәртебеңіз де өседі;
- Белгілі бір күндер санына жеткенде, профиліңізде және қалдырған пікірлеріңізде көрініп тұратын мәртебеге ие боласыз;
- Бір күнді өткізіп алсаңыз — бұған дейін жинақтаған күндеріңіз жойылып, есеп "нөлден" басталады, яғни күндерді жинақтауды басынан бастайсыз (бұл ереже тек "Көшпенді" мәртебесін иеленгендерге немесе мүлде мәртебесі жоқтарға қолданылады).
- Бес күнге дейін өткізіп алсаңыз — бұған дейін жинақтаған барлық күніңіз толықтай жойылмайды, десе де әрбір өткізіп алған күн үшін екі күн шегеріледі (бұл ереже тек жинақтаған күндері 14 күннен асқандарға қолданылады).
Келесі ұтыс ойынының қатысушысы болу оңай: NUR.KZ сайтына күн сайын кіріп, сайтта болған күндер санын жинаңыз және жеке кабинеттегі "Сыйлықтар ұтысы" бөлімі арқылы өтінім беріңіз. Қажетті мәртебеге жеткен кез келген адам ұтыс ойынына қатыса алады.
Акцияны ұйымдастырушы — "Internet Portal Nur" ЖШС. Ұтыс ойынының толық ережелері nur.kz сайтында жарияланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2383557-nur-kz-oqyrmandar-arasyndagy-ai-saiyngy-utys-oiynynyng-zhengimpazdaryn-anyqtady/