jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарағанды тұрғыны Аяз ата үшін астындағы көлігін сатып жіберді

: UGC

Биыл шырша мен ойыншықтарға бір тиында бөлінбейтінін  естіген қарағандылық тұрғын  жерлестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ол  астындағы көлігін үш мың АҚШ долларына сатып жіберіп, сол ақшаға  биіктігі  төрт метр болатын Аяз атаның мүсінін  құрастырған.

Қазір  алып Аяз ата қаланың Оңтүстік шығыс ауданында барынша әсемделген шыршаның қасында тұр.

Төрт метрлік Аяз атаны жасауға қарағандылық азаматтың екі досы көмектескен. Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары үшін ерекше сыйлық жасауды Денис Евтухов былтырғы жылдан бері ойлаған екен. Бірақ қаржы табылмай, іс созбаққа салынған. Көліктерді жөндеп, бояумен айналысатын қарапайым жігіт, ақыры Қарағандыда жоқ мүсінді темір тұлпардың ақшасына жасауды ұйғарыпты.

"Негізі біз Аяз атамен бірге, Ақшақарды да жасаймыз ба деп едік. Бірақ оған қаржы жетпей, уақытымыз да тығыз болды. Өкініштісі, мүсінді жылтыратып үлгермедік", - дейді мүсіннің авторы Денис Евтухов.

Шыны пластиктен жасалған Аяз атаны азаматтар автожөндеу орталығында тұрғызғандарын айтады. Сөздерінше, үш ай бойы жүргізілген жұмыстарға 700 мың теңгеге жуық ақша жұмсалыпты. Ал қала тұрғындары азаматтың, билік өкілдері жасамаған жақсылығы үшін дән - риза.

Ал мүсіннің авторлары шыныпластиктен жасалған Аяз атаның жауын - шашын, тіпті сулы қарға да он жылдай шыдас бере алатынын айтады. Ал келер жылы Ақшақарды жасауды ойластырып отырған азаматтар жеке қоймаларын ашуды жоспарлап отыр. Өйткені осы тектес мүсіндерді жасайтын бір де бір зауыт Қазақстанда жоқ екен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.