Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағылшындықтар үйлену тойын киіз үйде өткізуді сәнге айналдыруда

Опубликовано:

Қазақстандықтар жаппай тойларын қымбат мейрамханаларда өткізіп әлек болып жүргенде, Англия тұрғындары, керісінше қазақтардың қарапайым киіз үйінде жаз кезінде үйлену тойларын өткізуді сәнге айналдырған деп хабарлайды NUR.KZ порталы yvision.kz-ке сілтеме жасап.

“Серіктесім екеуміз киіз үйді қатты ұнатамыз. Өйткені, оңтайлы, кең әрі әдемі құрылымының арқасында оны кез-келген жерге орнатуға болады. Киіз үй жас жұбайларға ерекше той жасауға мүмкіндік береді”, – дейді “Тойға арналған киіз үйлер” бизнес-жобасының авторы Лиззи.

Киіз үйді құру мен оның сыртқы көрінісі

Компания тапсырыс берушілерге киіз үйді өздері жеткізіп, бірнеше сағат ішінде құрып, толықтай дайын қылып береді. Клиенттер еш алаңсыз дайын киіз үйде тойлатады. Ертеректе көшпенді халықтардың арасында киіз үйді әйелдер мен балалар небәрі 1,5-2 сағаттың ішінде құрған.

Үйлену тойына арналған киіз үйлерді Уэльс шеберлері әзірлейді.

Материал ретінде жергілікті ормандардағы шырынды талшан ағашын қолданады.

Киіз үйдің ішкі көрінісі

Заманауи киіз үй дәстүрлі ақ немесе ашық түсті заттармен сәнделеді.

Мерекелік киіз үйді өз қалауыңызбен сәндеп, безендіруге болады.

Киіз үймен бірге қатты еменнен жасалған еден, қолдан жасалған жиһаздар және түрлі форматтағы безендіру бұйымдары да қойылады.

Қазақстанның мақтанышы болып саналатын қызғалдақтар да безендіруге қолданылады.

Киіз үйдегі мерекелік көңіл-күй

Англиядағы ең ірі ивент-агенттікке тиесілі ең үлкен киіз үй 90-ға жуық қонақты сыйдыра алады.

Бұл ағылшын тойы үшін жеткілікті. Ал қонақ саны көбірек болған жағдайда, олар тағы бірнеше киіз үйге тапсырыс бере алады. Киіз үй жас жұбайлар мен той қонақтарына қайталанбас әсер мен ерекше көңіл күй сыйлайды.

Түнгі уақытта жұлдызды аспан аясындағы киіз үй, тіптен романтикаға толы болып көрінеді.

Киіз үйде той жасау Ұлыбритания мен Канадада күн санап үлкен сұранысқа ие болуда. Киіз үйді жалға алу құны, шамамен 3-5 мың ағылшын фунт стерлингіне жетеді. Агенттік көшпенділердің өмірін түгелдей дерлік ағылшын тойларына бейімдеуді мақсат етпейді. Олар тек киіз үйдің конструкциясын ғана алған.

Көшпенді қазақ халқының басты баспанасы болған киіз үй әлем сәулетшілері мен дизайнерлерінің ерекше назарына ілігіп, талай қызықты жобаларға бастау болуда.

Материал Temirtas Iskakov-тың блогынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1036243-aghylshyndyqtar-uylenu-toyyn-kiiz-uyde/

pixel