Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз күшімен 3 бала туған еркек екінші рет үйлену тойын өткізді (фото)

Опубликовано:

Әлемде бала туған бірінші еркек атанған америкалық трансгендер Томас Бити екінші рет үйленді.  Ол енді тағы да балалы болғысы келеді.

Бұл туралы Daily Mail ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Былай қарағанда, 42-дегі Томас Бити мен 46 жастағы Эмбер Николстің үйленуі бүкіл әлемде күн сайын болып жататын қарапайым тойдан ешқандай айырмашылығы болған жоқ», – деп жазады газет. Бірақ салтанатқа келген қонақтар мұның мүлдем өзгеше той екенін, онда шын мәнінде қалыңдықтың… бұрынғы әйел адамға күйеуге шыққалы тұрғанын жақсы біледі.

Мәселенің мәнісі мынада, Томас Бити бұрын әйел болған, кейін ол жынысын ауыстырғаннан кейін әлемдегі екіқабат болып қана қоймай, үш бірдей балпанақтай бала туған бірінші еркек атанған.

«Жүкті болған еркек» туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында 2007 жылы жазылды. Туған кезінде Трейси Лагондино деген есім берілген Бити содан бірнеше жыл бұрын еркекке айналу үшін гормоналды терапия курсынан өтіп, бірнеше операция жасатқан. Соған қарамастан, онда ішкі өнім өндіретін ағзалар тиілмеген қалпында қалып қойған. Міне, осы репродуктивті орган арқылы ол кейін үш рет екіқабат болып үлгерген.

Томас Бити жынысын ауыстырғаннан кейін бір жылдан соң Нэнси Гиллеспиге үйленеді. Көп ұзамай трансгендердің жұбайы бедеу екені анықталады. Сол кезде олар отбасындағы еркек бала тууы керек деген ортақ шешімге келеді. Бірақ бірінші ЭКО күткен нәтижені бермейді. Дегенмен, екінші талпыныс бұлардың үміттерін ақтап, Томас екіқабат болып қалады. Бала пайда болу үшін аноним донордың биологиялық материалы пайдаланылған.

Ал бала туылғаннан кейін ерлі-зайыптылар ұзаққа бармай ажырасып кетеді. Рас, бұл процестің нүктесі қойылуы үшін төрт жыл уақыт кетеді. Себебі, ерлі-зайыптылар сол кезде тұрған Аризона штатының билігі Гавай аралдарында тіркелген некені мойындай қоймайды.

Томас өткен жылы ақырында көптен күткен бостандығына қол жеткізеді. Содан кейін жаңа таңдаған жары – бастауыш мектептің директоры Эмбер Николспен өтетін үйлену тойына дайындала бастайды. Соның алдында Томас пен Эмбер елу шақты адамды  өздерінің неке қию рәсімдеріне шақырады.

Эмбер таңдап тиіп отырған күйеуінің бұрын әйел болғаны, кейін еркекке айналып, үш бала туғанына онша қиналмайды. Қайта бұлар өздеріне ортақ бала туып алуға бекініп отырғанға ұқсайды.

Бір айта кететін жайт, өзінің бала туу қабілетін жоғалта қоймаған Томастың өте күрделі гормональды терапия жасатты. Оның үш бала туғаннан кейін организмі қатты қалжыраған, сондықтан енді қайтара екіқабат болуға оншалықты дайын емес екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1153202-alemdegi-birinshi-ekiqabat-erkek-ekin/

pixel