Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық жігіт "таудай" бұлшық еттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Опубликовано:

Ирандық жігіттің бұлшық еттері кәсіби спортшылардың өзін қызықтыруда.

Бұл туралы nz1.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Таныс болыңыздар, бұл – Саяд Гариби. Бір қарағанда-ақ оның алып адам екенін аңғаруға болатын шығар. Жасы 24-ке енді толған бұл жігіттің салмағы 162 кг тартады. Жұрт «Геркулес/Халк» деген қосымша ат берген оны «бұлшық еттердің тауы» десе де болады.

 

Саяд айналасындағыларға парсыша – Геркулес немесе иранша Халк деген атпен танымал. 24 жастағы алып жігіт бұл атақты бекерден-бекер алмаған.

Саяд 6 жасынан ауыр атлетикамен айналысыпты.

 

Бірақ кәсіпқой зілтеміршіге айналмаған. Ол өз хоббиін сонда да тастамаған, оны табыс табудың бір көзіне айналдырып алған.

Саяд сондай-ақ шағын фотоаппараттар мен мобильді телефондар объективі алдына тұра қалып, суретке түсуді ұнатады екен. Бұл оның шын мәнінде қаншалықты алып екенін дәл көрсететінге ұқсайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1172395-bulshyq-etteri-tauday-irandyq-zhigitke/

pixel