RU

Мұрат Әбенов отыз жыл бұрын қалай қыз алып қашқанын баяндап берді

Қазақстанның қоғам қайраткері, экс-депутат, бұрынғы БҒМ вице-министрі, бүгінде "Атамекен" басқармасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов отыз жыл бұрын қыз алып қашқанын айтып, ағынан жарылды.

Әбенов басынан өткерген жайтты өз Facebook парақшасында жария еткен.

"Мен адам ұрлауға қалай атсалыстым (Қылмыстық кодекстің 125 бабы)? Шындықты мойындайын... Бұрын болған жайт екендігін ескеріп (Қылмыстық кодекстің 71 бабы), құқық қорғаушылар ешқандай айып тақпайды деп үміттенемін", - деп сөзін бастады Әбенов.

Белгілі болғандай экс-депутат қалыңдықты досы үшін алып қашқан екен.

"Алып қашудың бастамашысы - менімен бірге Балл биінің үйірмесіне қатысқан жақсы досым. Ол жоспарымен бөлісті. Қауіп аз, ал пайда көп болатын. Қылмыс құралы - сары "Волга Газ 24" таксиі. Жүргізушісі - зардап шегушінің күйеуінің туған бауыры... Біз кешкі уақытта келдік. Тәтесі бәрін біліп жүрді. Ол бізді мантымен тойдырып, шай құйды", - деп жалғастырды ол.

Әбенов сол кеште "сәйкестікпен" қалыңдық заттарын жинап, әдемі киімде болғанын еске алды.

"Анасына қылмыс уақытын ескертіп қойдық. Ол алып қашу кезінде қылмыскерлерді қорқытып алмас үшін бізбен ұшыраспауға тырысты. Сол себепті, қылмыс жайлы тіс жармаған анасын да Қылмыстық кодекстің 434 бабы бойынша жауапкершілікке тартуға болады", - дейді әзілдеп экс-депутат.

"Қылмыстық топты бастаған" Әбенов жол көрсетіп, көліктің алдында отырған. Кейін ол өзінің қылмыскер тобынан неке тіркеу кезіндегі куәгер тобына ауысқанын алға тартты.

Осылайша әзілге толы жазбасымен Әбенов досын 51 жасқа толғанымен құттықтауды жөн санаған. Экс-депутат досының 30 жыл отбасылық өмірінде үлкен байлыққа кенелгенін, нақтырақ айтқанда үш бала мен екі немере сүйгенін мақтанышпен айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1206478-eks-deputat-qalay-qyz-alyp-qashqanyn-ay/