Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Жарияланған күні:

Бүгінде өз әрекеттері үшін еш қымсынбайтын, ұятты ысырып қойып қалаған ісін жасауға бел байлап жататын жастар көбейген.

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды деп жазады Stan.kz.

Кейбір қазақстандық студент қыздар ата-анасының пәтерге деп беретін ақшасын өз қажетіне жұмсап, ал пәтерақысын төсек қатынасымен есептейтін болған. Мұны пәтер иелері де онай жол деп есептейді. Яғни, пәтер иесі пәтер жалдаушы қыздарымен қалаған кезде төсек қатынасын жасайды.

Ресейде пәтер берушілер мұны хабарландыруларында ашық айтады. Ал, қазақстандықтар да осындай қадамға барғанымен тек астыртын іске асырады. Олар хабарландыруға тұрмысқа шықпаған қыздар немесе 2-3 студент қыздар керек деп қана жазады. Әдетте делдал болмау үшін риелторлармен жұмыс істемейді.

Алматылық маклер Әлия осындай іспен айналысатын клиенттері жайында баяндап берді. Ол пәтерін төсек қатынасы үшін жалға берушілердің Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында көптеп кездесетінін айтады.

«Біздің агенттікте тұрақты түрде тапсырыс беретін бір ер адам бар. Түрі керемет тартымды емес. Бірақ, пәтер жалдаушылар үшін мұның еш маңызы жоқ. Қаланың орталығындағы үйін осылайша қыздар мен әйелдерге жалға береді», – дейді Әлия.

Сіз бұл жұмысыңызды жеңгетайлық ретінде санамайсыз ба деген сауалымызға ол өзінің заң бойынша қызмет ететінінін, пәтер иесіне жалға алушыны тауып беретінін, ал олардың пәтерде не істейтіндерінде жұмысы жоқ екенін айтады.

Маклердің айтуынша, пәтер иесі үйленген азамат болса да оның әйелі күйеуінің мұндай ісінен сезіктенбейтін көрінеді. Пәтерақы мәселесін де өзі қалайда жауып тастап отырады екен.

Ең қызығы пәтерді жыныстық қатынаспен есептесетін қыздар ғана емес, жігіттер жағы да бар болып шықты. Әлияның айтуынша, Астанада тұратын кәсіпкер әйел пәтерін жас жігіттерге интимді қатынас үшін береді екен. Маклер оның өзі тұрмысқа шықпаған соң, артынан ерген сөзге пысқырып та қарамайтынын айтады.

Татьяна Аладьина

Тағы да оқыңыздар:

Атырауда өмірден түңілген жігіт елдің алдында өзін кескілеп тастады (видео)

Фируза Шарипова кәсіпқой бокстан алғаш рет жеңіске жетті

Танымал суретші әйел бала сүйіп, ана атанудан мәңгілікке бас тартты

Британиялық жігіт өзін белгісіз қыздың зорлап кеткенін айтты

Отандық велошабандоз көлікпен соқтығысып, Олимпиадаға бармайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1206260-almatyda-tosek-qatynasy-ushin-paterin/