2 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

2 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Тоқтылардың ойламай шешкен істерінен үлкен қате кетуі мүмкін. Алайда, уақыт өтіп бәрі қалпына келгеннен кейін, жіберген қателерді жөндеуге мүмкіндік туады. Жаңа жобалармен жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетесіз. Ең бастысы өзіңіздің күшіңізге сенгеніңіз дұрыс.

Торпақ

Бүгін жұмыста да жеке өміріңізде де тың өзгерістер болып жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Алайда сізге не маңызды екенін шешіп алғаныңыз дұрыс. Сөйлескіңіз келмеген адамдармен тіл табысуыңызға тура келеді. Сапарға шығудан аулақ болғаныңыз абзал.

Егіздер

Бүгінгі күн қызығы мен шыжығын өзімен бірге ала келмек. Алайда бәрі өз қолыңызда. Айналаңызда болып жатқан жағдайларды сабырмен қарсы алыңыз. Күннің ортасынан бастап жұмыстарыңыз реттеліп, көңіліңіз жай табады.

Шаян

Біріншіден көңіліңізді түсірмеңіз. Екіншіден өзіңізге жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Үшіншіден, сізді кез-келген жағдайда қолдайтын, көмектесетін адам іздеңіз. Бəрі жақсы болды.

Арыстан

Бүгін сіз асықпай жүріп жетістіке жетуіңіз мүмкін. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарды жіті ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз абзал. Жақындарыңызбен ренжісуден сақтаныңыз.

Бикеш

Бүгін сіз ұшып, қонып жүріп біраз жұмыстарыңызды бітіріп алуыңыз мүмкін. Алайда, көшеге шығып танымайтын адамдардан сөйлесуден сақ болғаны абзал.

Таразы

Күн басында мазасызданып, сабырыңыз қашады. Ненің қайдан басталып, қайдан аяқталарын білмей дал болуыңыз мүмкін. Алайда уақыт өте бәрі орнына келеді. Сабырмен барлық қиындықты шешкеніңіз абзал.

Сарышаян

Бүгін жаңа жобалармен жұмыс істеген өте тиімді болмақ. Нәтижесінде қомақты қаржыға кенелуіңіз мүмкін. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін әрекет жасап, алға жылжыңыз. Əр қадамыңызды ойлап басыңыз.

Мерген

Күніңіз бір қалыпты өтпек. Өзіңіздің ақылыңыз бен біліміңізге сүйеніп бұрынан шешілмей жүрген мәселелердің басын ашуыңыз мүмкін. Кешіңіз роматинкаға толы болуы мүмкін.

Тауешкі

Күніңіз жақсы жаңалықтармен басталмақ. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Алдағы күндері өзіңізге мол қаражат керек болады.

Суқұйғыш

Күтпеген жағдайға дайын болыңыз. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей өзіңіз сенім артқан адамдарыңыздың ақылына құлақ асыңыз. Ешкімге уәде бермеңіз. Қандай жағдай болса да сабыр сақтаңыз.

Балықтар

Бүгін өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік туады. Берілген мүмкіндікті қолдан жіберіп алмауға тырысыңыз. Қиындық тудырған проблемалар болса, оны жақын адамдарыңызбен ақылдаса отырып шешіңіз.

Тағы оқыңыздар:

Айдос Сарым қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейлері" деп атауды ұсынды

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)

Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылуда (фото)

Мұрат Телібеков ислам әлеміне кір келтіргені үшін Ердоғанның үстінен арызданбақшы

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1207423-2-tamyzgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/