17 тамызға арналған жұлдыз-жорамал
Жарияланған күні:
17 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.
Тоқты
Тоқтылар үшiн осы күн бiркелкi өтедi. Сiз өз тобыңыздан бөлiнiп, өзiңiздi көрсеткiңiз келедi. Қазiргi кез сiз үшiн өзiңiздiң алыс туысқандарыңызбен жүздесiп, кездесуге баратын кез. Сiз кез-келген шараларға белсене қатысасыз. Өзiңiздiң жеке абыройыңызды, өз пiкiрiңiздi бiлдiруге дәрменсiз екенiне көзiңiз жетедi.
Торпақ
Бүгін торпақтар өз мүмкiндiктерiн көрсете алмайды. Бiрақ та сiз осы күндерi өзiңiздi мазалап жүрген сұраққа шешiм табасыз. Бастаған жұмыстарыңызды бiтiресiз. Осы кезде сiздiң абыройыңыз жоғарылайды. Дәл қазiргi кезде сiз өзiңiздiң жақын туысқандарыңыздың кеңесiне құлақ түріңіз, олар сiзге дұрыс жол көрсетедi.
Егіздер
Бүгін егiздер достарымен жақсы қарым-қатынаста болады. Егер де ғаламторда көп отырсаңыз, дәл өзiңiздей ойлайтын адамдармен танысып, тiлдесесiз. Сiздiң ортаңыз жаңарып, ортаңызға жаңадан қызықты адамдар қосылады. Егiздер шығармашылыққа жақын адамдар, олар өздерiн толығымен көрсетуге бейiм. Бүгін отбасын құрған егiздер үшiн сәттi өтедi.
Шаян
Бүгін шаяндардың өмірінде өзгерiстер болады. Сонымен қатар сiздiң өмiрлiк ұстанымыңызды өзгертетiндей оқиғалар болуы мүмкiн және алдыңызға жаңа өмiрлiк мақсат қоясыз. Дегенмен бәрiн жаңадан құруға асықпаңыз. Бәрi өз орнына келуi ғажап емес. Күн сiз үшiн сәттi өтедi, егер де сiз тәуекелшiл болсаңыз. Сiз жаңа дос табасыз. Онымен арадағы қатынасыңыз болашақта нағыз романға айналуы ықтимал.
Арыстан
Сiздiң философияға қызығушылығыңыз бұрынғыдан да арта түседi. Орын алатын кейбiр жағдайлар сiздiң моральдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкiндiк береді. Бүгін жұбайыңызға деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз отбасыңызбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi.
Бикеш
Бүгін бикештердiң тәуекелге баратын iстерге араласпағаны жөн. Әңгiме тек ақша жөнiнде емес, барлық iске қатысты. Кез-келген iс сiзге соққы болып тиюi мүмкiн. Диета ұстап, қуаты күштi тағамдарды азайтып, денеңiздi тазартуға болады. Сүйген адамыңыздан романтиканы күтіңіз.
Таразы
Таразылар бүгін өздерiнiң жолдастарының немесе әрiптестерiнiң тiрлiгiне қатты қуануы мүмкiн. Сiз өзiңiздiң достарыңыздың қасында екенiңiздi сезiнбей жүрсiз, бiрақ оған назар аудармаңыз. Махаббат қызығына бөлену үшiн қолайлы кез. Егер де сiз жаяу жүретiн адам болсаңыз, онда көңiлiңiз ұнатқан жанмен автобуста немесе мейрамханада танысасыз.
Сарышаян
Сарышаяндарға бүгінгі күн тiрлiкке толы болмақ. Бәлкiм сiздiң туысқандарыңыздың бiреуiне сiздiң көмегiңiз қажет болуы мүмкiн. Өз денсаулығыңызға да көңiл бөлгенiңiз жөн. Бұл күн ерлi-зайыпты сарышаяндарға өте қолайлы. Сүйiктi жарыңызбен бiрге жүрiп үйдiң барлық шаруасын iстейсiз. Егер де ата-анаңызбен арада кикiлжiң туса, осы күнді сол кiсiлерге арнаңыз, татуласуға өзiңiз бiрiншi қадам жасасаңыз, олар сiздi мiндеттi түрде кешiредi.
Мерген
Бүгін отбасы құрған мергендер бiраз толғаныста болады. Жүйкеңiздi тоздырмағаныңыз абзал, бiрер күннен кейiн бәрi өз орнына келедi. Махаббат қатынасында ұстамды болғаныңыз жөн. Күннің екінші жартысы сiздер үшiн қолайлы болмақ, сiз жаңа адамдармен танысасыз, әңгiме-дүкен құрасыз. Егерде сiз адамдармен жақсы қарым-қатынаста болсаңыз, олар да сiзге оң көзбен қарайды.
Тауешкі
Бүгін тауешкiлер үшiн кездесуге қолайсыз кез. Күннің ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Сол себепті өзіңізді сабырлы ұстаңыз. Кешке достарыңызбен көңілді кеш өткізуді жоспарлаңыз.
Суқұйғыш
Күн барысында суқұйғыштардың қарым-қатынасында өзгерiстер орын алуы мүмкiн. Бәлкiм сiз өзiңiз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңызды үзiп, жаңа досыңызбен жаңа өмір бастауыңыз ғажап емес. Дегенмен, арада санаулы күндер өткен соң сiзге жаңа танысқан досыңыздың әңгiмесi қызық емес екенiне көзiңiздi жеткiзесiз. Шашыңызды бояп, киiм үлгiңiздi өзгертесiз.
Балықтар
Бұл күн басында қаржылай қиындықтар туады. Ақшаңызды қолайлы жерде ұстағаныңыз жөн, әйтпесе ұрылардың уысында кетiп қалуы мүмкiн. Қымбат киiмдерге ақшаңызды жаратпаңыз. Арзымайтын дүниелерге ақшаны ысырап етпеңiз. Бiреуге қарызға ақша берудi де уақытша тоқтата тұрғаныңыз дұрыс. Өзiңiз де сұрамағаныңыз абзал. Уақытыңыз болса, маңызды сұрақтарға басқа күнi жауап бергенiңiз жөн.
Тағы да оқыңыздар:
Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.
Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді
Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын
Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі
Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады
Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты
Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1222977-17-tamyzgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/