Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады
Жарияланған күні:
Ақтөбеде қандала қаптады. Қауіпті жәндіктің көптігі соншалық, тіпті кейбір тұрғындар тұрып жатқан үйлерін тастап, басқа жаққа қоныс аударуда деп хабарлайды 31 арна.
Күндіз көрінбей, тек түнде ұшатын қансорғыш үлкен-кішіні жаппай шағып жатыр екен. Ал тұрғындар болса кімге барып шағынарларын, кімнен көмек сұрарларын білмейді. Өйткені тұрып жатқан үйлері ешбір мекеменің балансында жоқ болып шыққан.
"Осы үйден басталды қандала, бүкіл киімдерін жаңаға көпшік - көрпелері қандаладан өріп жатты, содан көршім менің үйіме келді, содан жағалып әрі қарай кетіп жатыр", - дейді тұрғын.
Тұрғындардың айтуынша, қансорғыш қазір бес қабаттың бәрін жайлап алыпты. Онсыз да іргесі сөгіліп, төбесі тесіліп, жертөлесі суға толған көп қабатты үй қансорғыштарға жайлы мекен болды дейді азаматтар. Қаптап кеткен қандаладан кейбір тұрғындар бала-шағаларын алып, уақытша басқа жаққа көшуге мәжбүр болыпты.
"Қандала бүкіл үйде бар, кешегіде мына апаларымыз айтып жатыр үйден тауып алдык, диванымызға дейін лақтырып жатырмыз, дүние-мүлкімізді лақтырып жатырмыз сол қандала үшін. Ешқандай көмек жоқ, жертөле екібастан шіріп-іріп жатыр, төбеміз іріп-шіріп жатыр, бір күні Қазақстандағы басқа үйлер құсап біздің үй де құлайды", - деп ашынды тұрғын.
Бір қызығы қаланың қақ ортасындағы күйі кеткен бұл үй бір де бір мекеменің балансында болмай шыққан. Жан- жақтан көмек сұрап, жан ұшырған тұрғындар ешкімнен қайыр болмағаннан кейін өздері қолда бар дәріні пәтерлеріне сепкен. Бірақ, мұндай дизенфекция қаптаған қандалаға у бола қоймапты.
Қараусыз қалған үйдің тұрғындары қандаладан толық айығу үшін енді өздері қор жинап, жеке дезинфекциялау орталықтарына жүгінулері қажет. Өйткені жергілікті билік тарапынан тұрғындарға ешқандай көмек көрсетілмейтін болды.
"Бұл дейтін қалалық әкімдіктің, я болмаса қалалық мәселеде шешетін жұмыс емес. Бұл тек тұрғындардың жеке меншігіндегі құқығындағы мәселе болған соң, бұл өздерінің жеке қаражаттарымен, жергілікті санэпидстансия деген бар, я болмаса басқа жерден бір у сатып алып, өздерінің пәтерішкілік жұмыстарын өздері атқаруы тиіс", - дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы Наурыз Күлімжанов.
Жергілікті билік тұрғын үйдің он жылдан бері ешкімнің қарауында болмауына тұрғындардың өздерін кінәлайды. Өйткені қанша рет көршілес ПИК қосқысы келгенімен тұрғындар көне қоймапты. Мамандар алдағы уақытта осы тұрғын үйді назарға алып, басқарушы компаниялардың біріне өткіземіз деп отыр.
Тағы да оқыңыздар:
Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.
Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)
Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты
Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты
Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр
ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген
Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1222992-aqtobede-qauipti-zhandik-sanalatyn-qa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.