Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1936 жылғы қазақтар қандай болды?

Опубликовано:

1936 жылы Күн тұтылуын қазақ жерінен бақылаған шетелдіктер сол кезеңдегі қазақтардың қандай болғанын сипаттап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы nationalgeographic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"National Geographic қоғамы мен Ұлттық cтандарттар бюросының қолдауымен 1936 жылдың 19 маусымында Кеңес Одағының азиялық бөлігінен күннің тұтылу сәтін бақылауға мүмкіндік алдық", - деп жазады үннің тұтылуын бақылау экспедициясының жетекшісі Ирвин К. Гарднер.

"Сонымен бақылау нүктесі ретіндегі таңдау Ақбұлақ ауылына түсті. Қазақ Автономиялы Республикасына қарайтын ауыл қазақ даласының бастауы саналатын Орынбордан оңтүстік-шығысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан. Мәскеуден онда жету аса бір қиындық тудырмайды, әрі ондағы күн райының ашық болу ықтималдығы да жоғары", - дейді Ирвин.

"Шыны керек, Ақбұлаққа келіп жеткенімізде шуағы мол өлкеге тап болғандай болдық. Аспан шайдай ашық. Талтүстегі температура 30о әр жақ, бер жағы. Бір тәуірі, жазық жер болса да, күндізгі ыстықтың орнын кешкі салқын басып отырады", - дейді.

"Шығыстық дәм ұсынған Ақбұлақ ауылы бізге аса қызықты көрінді. Тумысынан дарқан мінезді қазақтар көшпенді түркі халықтарына жатады. Оларға қараудан әсте жалықпаймыз. Шығыстық үлгіде, әр түрлі пішінмен тігілген сан-алуан киімді біреулер киеді десе, біз сенбес едік. Ауыл халқы қазақ, орыс болып шамамен теңдей екіге бөлінеді. Мектептері де бөлек. Орыс мектептерінде орыс тілі ана тілі, қазақ тілі шет тілі ретінде өтеді. Ал қазақ мектептеріндегі жағдай керісінше", - дейді Ирвин.

Түбі түріктен тарайтын қазақтардың сырт-келбеті моңғолдарға келеді. Олар ХIII ғасырда Шығыс Еуропаға дейін жетіп, әйгілі Алтын Орданың белді мүшесі болды.

Шаң-тозаңнан қорғану үшін әдетте жергілікті халық басына орамал тағып алады. Орамал тақпай жүретіндер де кездеседі. Қазақтардың көпшілігі әлі күнге дейін көшпенді өмір салтын ұстанады (оң жақта). Дегенмен де орыстар отарлап алған жерлерде отырықшы шаруалар да бар.

 

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1311178-1936-zhylghy-qazaqtar-qanday-boldy/

pixel