Мұсылман қыз хиджабын шешіп тастап жатқан аруларға ақылын айтты
Жарияланған күні:
Осыдан бірнеше күн бұрын әлемдік баспасөз құралдары американдық мұсылман қызының сұлулық сайысына қатысып, хиджаб пен буркини киіп шыққаны туралы жарыса жазған еді деп хабарлайды Muslim.kz.
Түрлі пікірлердің туындауына себепкер болған Халима Аден неліктен өзінің бұл сайысқа қатысқаны туралы айтып берді.
Айта кетейік, «Әлем аруы» сайысының Миннесота штаты бойынша іріктеу байқауына қатысқан Халима Аден жұртшылық алдына шариғат талаптарына сай кіиініп шыққан болатын. Ол, сондай-ақ, сайыстың су түсетін киіммен өнер көрсететін кезеңінде буркинимен (мұсылман әйелдерінің су киімі) шығып, жалпақ жұртты таңғалдырған болатын.
«Бұның бәрін жағымсыз пікірлерге қарсылық ретінде жасадым... Өз басым қаншама мұсылман әйелін танимын. Қорқыныштың әсерінен хиджабтарын шешіп тастап жатқан... Ал, бұл сайыс жайлы естігенімде, мұсылмандарға жігер беру үшін қатысуға бел байладым. Олар осы арқылы қайраттансын! Және ешқашан өздерінің құндылықтарынан бас тартпасын!» – дейді ол.
«Мен үшін осы сайысқа қатысқанымның өзі жеңіс. Қазіргі кезде ғаламтор бетіндегі мұсылман қыздарының суретін іздесеңіз, көбіне жапа шеккен жандарды кездестіресіз. Жарқын бейнелер тым аз. Бұған қоса, мен көпшіліктің сұлулық жайындағы ой-пікірін, көзқарасын өзгерту үшін қатыстым», – дейді ол тағы бір сөзінде.
Тағы оқыңыздар:
Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті
Шымкенттік ана кішкентай ұлының ВИЧ жұқтырғанын естігенде "өмірден түңіліп кеткен"
Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн доллар өзбек халқына таратылуы мүмкін
Қасиетті Қағбаны жабындысыз көрген мұсылмандар таңырқап қалды
"Гламур для дур" фильмінен кейін Ақботаның тағдыры күрт өзгеріп кеткен
Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1335560-musylman-qyz-khidzhabtaryn-sheship-tasta/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.