Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зұлым кейіпкерге ұқсағысы келген жігіт мұрнының ұшын кесіп тастады

Жарияланған күні:

Венесуэланың 37 жасар азаматы Америка капитаны туралы комикстегі басты зұлым кейіпкер Қызыл бассүйекке ұқсағысы келіп, 40 мың доллар ақшасы мен бірнеше жыл уақытын жұмсаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Генри Родригез бірнеше ауыр ота жасатып, денесіне тату салғызып, тіпті мұрнының ұшын кесіп тастаған. Ол осы түріне риза.

Генри Родригез бяғыдан Қызыл Бассүйекке ұқсағысы келіп жүрген. Арманын орындау үшін ол көзіне, бетіне тату салғызып, терісінің астына имплант орнатқан. Сондай-ақ, мұрынын кескізу үшін ауыр ота жасатыпты. Нәтижесі осы.

Қызыл Бассүйек "Америка капитаны" комиксінде алғаш рет 1947 жылы пайда болды. Алайда ол әлі күнге ұмыт болған жоқ. Ол соңғы рет киноэкранда 2011 жылы пайда болды. Оны «Капитан Америка: Бірінші кек қайтарушы» фильмінде Хьюго Уивинг ойнаған.

Родригезке хирург кабинетінде 130 сағат отыруға тура келген. «Мен ең бірінші көзге тату жасаттым. Көзіме қара бояу енгізді. Содан соң терінің астына имплант орнатты. Бұған екі жыл кетті», - дейді ол.

"Маған адамдар әртүрлі қарайды – біреу күледі, біреу қорқады. Бірақ біз адамдарды жаңа нәрсеге үйретеміз. Бастысы, мені ұлым жақсы көреді, қалғанының бәрі маған керек емес", - дейді кейіпкер.

Тағы да оқыңыздар:

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

Астанада көпбалалы отбасыға Назарбаевтың атынан адам ұяларлық сыйлық табыстаған (фото)

Ақтөбе тұрғыны Путинді фашист деп атағаны үшін сотталып жатыр

Еуроодақ Қазақстанның барлық әуекомпаниясын "қара тізімнен" алып тастады

"ЭКСПО"-ны салу барысында қанша адамның қайтыс болғаны анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1342664-zulym-keyipkerge-uqsaghysy-kelgen-zhig/