jitsu gif branding logo appbranding logo app

Өлім аузында жатқан иттің жантүршігерлік жағдайы

: UGC

АҚШ-тың Техас штатында өлім аузында жатқан итті құтқарып қалған мейірімді әйел жұрттың жүрегін елжіретті деп хабарлайды Fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

2016 жылдың қараша айында Остин қаласының тұрғындары үй маңында жануарларға арналған темір тордың ішінде өлейін деп жатқан итті көріп жануарларды қорғау орталығының қызметкерлерін шақырған. Зооқорғаушылар көрсетілген адрес бойынша келгенде әбден әлсеріп, қимылсыз жатқан иттің әлі тірі екенін байқаған.

Орталықтың Ева есімді қызметкері тым нашар халде жатқан итті алып, бірден жануарларды емдейтін ауруханаға апарған.

"Оның дене температурасының төмен болғаны соншалық, термометр көрсете алмады. Оның қимылдауға шамасы келмеді", - дейді Ева.

"Шынымызды айтсақ, біз оны тірі қалады деп ойламадық", - деп таңданыстарын жасырмады орталықтың полиция қызметкерлері.

Мал дәрігері Элизабет Мансера итті жылы суға шомылдырып, дене температурасын көтеру үшін шаш кептіргішпен ұзақ уақыт бойы кептірген.

"Мен онымен үздіксіз сөйлестім, - дейді Элизабет, - Оның үсті-басы су болып, қатты тоңған. Ол маған жәудіреген көздерімен көп қарады"

"Бәрі оның өлетінін айтты, тек мен ғана оған бәрі жақсы болады деп қайталай бердім", - дейді жануардың құтқарушысы.

Иттің жағдайы жақсарған кезде Элизабет Мансера оны Софи деп атап, үйіне алып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Өзі келіп "тоқалың болайын" деп ұсыныс жасаған әйел отандық блогердің жағасын ұстатты

Атырау облысы мәслихатының жас депутаты мезгілсіз қайтыс болды

Көкшетауда өлтірілген полицейдің артында аяғы ауыр әйелі қалды

Джейкобс: Головкин менімен жұдырықтасатынын ұмытып кеткен сыңайлы

Ақтөбеде көпбалалы бизнесмен ұлт араздығын қоздырғаны үшін сотталып кетті

Өлім аузында жатқан иттің жантүршігерлік жағдайы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.