Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Жарияланған күні:

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше – көбейту. Осы орайда Массагет порталы ақша шақыратын ел аузындағы ырымдарды назарыңызға ұсынады.

1. Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды.

2. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе біреуге жасатқаныңыз жөн. Егер сіз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн.

3. Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз.

4. Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: "Жаңа ай қалай өсіп келе жатса, маған сондай ақша келсін" деп айту керек.

5. Сейсенбі күні қарыз сұраудан аулақ болыңыз, кем дегенде бір ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.

6. Әруақытта ақшаңызды әмиянда ұстаңыз. Ақша қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса кіріс кірмейді. Яғни, бұл ақшаның да өзін баптамайтын жерге барғысы келмейтіндігімен түсіндіріледі. Әмияныңыз жыртылмаған, әрі таза терілерден тігілген болуы керек. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және де мыжымай салғаныңыз абзал. Әмияныңызда доллар болмаса тұмар ретінде ескі тиын салып жүріңіз. Ол келесі ақшаны шақыратын болады.

Тағы оқыңыздар:

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Ұлттық банк төрағасы өзі туралы қауесет таратқандарға бас қатырған жоқ

Құлжа тас жолында жеңіл көлік екіге бөлініп қалды (видео)

Атақты Кока Кола сусынымен қуаттанатын телефон пайда болды (фото)

Өзін Головкинге ұқсататын 17 жастағы әлем чемпионы кім? (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1394443-aqsha-shaqyratyn-el-auzyndaghy-yrymdar-q/