Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген күні кеше ғана Қытайдың Хунань өлкесі Чаңша қаласында өтіп жатқан "I am singer-2017" байқауының екінші кезеңінде Витастың "Опера-2" әнін орындап, тағы да топ жарған. Алайда Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсіріп үлгерген деп хабарлайды ent.ifeng.com сайтына сілтеме жасап Baq.kz.

Витас Димаштың «Опера-2» әнін орындауына байланысты Watson&Band адвокаттар алқасына арыз түсірген.

Хунан өлкесінің Чаңша қаласында орналасқан өлкелік телеарнасының атына бағытталған хатта: «Димаш Құдайбергенге бұдан кейін әлемнің және Қазақ Елінің кез келген сахнасында, кез келген концертте Витастың бірде-бір әнін орындауына рұқсат етілмейтіні және бұл талап орындалмаған жағдайда «авторлық құқық туралы халықаралық заң» негізінде қатысты орындардың шешіміне жүгінетіні жайлы айтылған.

«Опера 2» әні Ресейде тұратын атақты әнші Виталий Грачёвтің авторлық туындысы. Әуенін де, сөзін де Витас жазған. 2000 жылы Витас бұл әнімен алғаш рет сахнаға шығып әлем алдында танымал болды. Витастың шығармашылығына қатысты барлық әндері «Пудовкин» продюсерлік орталығының құқығына тәуелді. Хунанның өлкелік телеарнасы өткізіп жатқан «Singer-2017» ән байқауында Қазақстанның атынан барған әнші Димаш Құдайбергенов 28 қаңтар күні «Опера 2» әнін айтып сахнаға шықты. Ал, «Опера-2» әні осы телеарна арқылы күллі Қытайға тарады. Мұнан тыс, бұл ән қытайдағы барлық әлеуметтік желілерге кеңінен таралуда. Димаш онымен қоймай бұл әнді 30 қаңтар күні Қытайдың «жаңа жыл мерекесінде» де орындап, телеарна, интернет арқылы тағы да ду болды. Витастың әндері күллі әлемге тараған. Сонымен қатар, әрбір жерлік орындар арқылы барлық құқы қорғауға алынған. Осындай жағдайлар арқылы Хунан өлкелік телеарнасы «Пудовкин» продюсерлік орталығының заңдық құқына зиян келтірді», - делінген атаулы хатта.

Тағы оқыңыздар:

Тасмағамбетов елбасы жолдауының орындалуын тікелей қадағалайтын болады

ОҚО-ның бас дәрігері ешкімге айтпай аурухананы тексеріп, ақ халаттыларды аяғынан тік тұрғызды

Ақшаға малынған жас жігіт Алматы көшелерін кезіп жүр (фото)

Ызаға булыққан қостанайлық әйел полицейдің бетін тырнап алды

Өзбекстанда дүниеге келген үшемге Ислам Каримовтің атын берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1394377-vitastynh-prodyuseri-opera-2-anin-oryn/

pixel