Күйзелген адамды жөргекке орап емдейтін жапондықтар жұртты таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Жапондар күйзелістен арылудың жаңа тәсілін ойлап тапты деп хабарлайды Qazaqtimes.kz.

Отонамаки деп аталатын бұл әдіс жапонша "жөргекке орау" дегенді білдіреді. Күйзелістен арылғысы келген адамдарды үлкен жөргекке бөлейді.

Жаңа әдісті жақтаушылар бұл тәсілмен күйзелістен арылуға болатынын айтады. Адамның бұлшық еттері мен сүйектері босап, шаршағаны басылады.

"Емдеу шарасын қабылдаған соң, шаршағанымыз басылды. Біз жөргекке оралған баланың неге тыныш ұйықтайтынын түсіндік. Бұл әдістің жаңа туған аналарға көмегі көп, өйткені олардың белі мен иығы ауырады", - деді осы тәсілді қолданушылардың бірі.

Жас аналарға көмек ұйымдастырушы токиолық ұйым жаңа тәсілді қолданып көргісі келгендерге жаттығу өткізді. Мамандар жас аналарға бір бірін жөргекке орауды үйретті.

Ол үшін жатырдағы нәресте сияқты арқалап жату керек. Матаны адамға айналдыра орап, оны жәймен тербейді. Бұл бұлшық еттің босауына көмектеседі.

Дегенмен кейбір медициналық қызметкерлер бұл әдістің пайдасы барына сенбейді. "Астмасы барларды осылай ораса, олар жеңіл тыныстайды. Бірақ оның емдік пайдасы жоқ", - дейді дәрігерлердің бірі. Бұған қоса дәрігерлер жаңа тәсілді арқасы ауыратындарға жасап көрудің қажеті жоқтығын ескертеді.

Тағы оқыңыздар:

Ресейден келген төреші Шымбұлақтағы қар көшкінінің салдарынан қайтыс болды

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте нешінші орынға тұрақтады?

Неймар "Ақтөбе" футбол клубына жанкүйер болатынын мәлімдеді (фото)

Елбасы Астана қаласының шекарасына өзгертулер енгізді

Елімізде әкімшілік жазаны жеңілдету жоспарлануда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1401945-kuyzelgen-adamdy-zhorgekke-orap-emdey/

jitsu gif