Кедейлік психологияны қалай жою керек?
Жарияланған күні:
Бұған дейін кедейліктен арылатын жеті әдет туралы сөз қозғағанбыз. Ендігі кезек сіздегі кедейлік психологиясымен күресуге келіп отыр.
Өзіңізді аямаңыз!
Жұмыстан шаршаған кезде «мен шаршадым, ендігі істегенім іс емес» деген ойдан арылыңыз. Ұйқыңыз қанбаса, күні-бойы артық тағы бір-екі сағат ұйықтап алуым керек еді деген қыңыр оймен жүрмеңіз. Маңыздысы - сіздің түнде ұйықтағаныңыз емес, бүгінгі күніңіздің қалай өтетіні. Бір күнді осылай қор қылып өткізіп алуыңыз әбден мүмкін.
Шағымдана бермеңіз!
«Менің айлығым түкке жетпейді! Ақшадан қысыла беретінім-ай!» деген сөздерді жиі айтасыз ба? Ойлаңызшы, осыны айтқалы сіздің айлығыңыз өсті ме, өссе ақшаңыз жетті ме? Әрине, жоқ. Бұл тіркестерден еш пайда жоқ. Өзіңізді мүжи бермеңіз, жұмысқа деген зауқыңыз соқпай қалатынын жақсы білесіз.
Қанағатшыл бол!
Дүние ешкімге ешқашан жеткен емес, байыған адам байи түссем дейді. Ал жоқшылықтың шырмауындағы адам байысам дейді. Барлық нәрсенің қадірін біліңіз. «Қанағат қарын тойдырады». Шүкірлік етуді ұмытпаңыз.
Барлығын ақшамен байланыстырмаңыз!
Ақшаңыз көп болса, өзіңізді бақытты сезінуші едім деп жиі ойлайтыныңыз жасырын емес. Көп ақша сәттіліктің, бақыттың, қуаныштың кілті болмаған.
Барлығы бірден болмайды!
Осыны мықтап ұғып алу керек, мысалы сіз саудамен айналысып бастапқы жылы көп шығынға ұшырадыңыз делік. Одан сіздің ешқашан сауда да жолыңыз болмайды деген тұжырым шығармау керек. Бәлкім келесі де бәрі басқаша болатын шығар!?
Дереккөз: Kazdala.kz
Тағы оқыңыздар:
34 жастағы ақтөбелік келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)
Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар ұстаздарын қажылыққа жіберді
Қар көшкінінен қаза тапқан сарбаз өзінің Отан үшін шейіт болатынын сезіп кеткен (фото)
Алтын жалатылған көліктер мен тікұшақ: Еліміздегі бай-бағландардың тойы қалай өтеді?
Еліміздегі банктердің бірі кредитін төлей алмаған отбасының қызын тартып алмақ болған
Арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып, аялап отыр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1419334-kedeylik-psikhologiyany-qalay-zhoyu-kere/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.