Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллионерлердің сізден жасырып жүрген 8 құпиясы

Опубликовано:

Миллиондаған ақша ұстап жүргендер де адам. Олардың да өз құпиясы, сыры болады. Бірақ оны жалпақ жұртқа жария еткенді ұнатпайды. Бұл ішкі қағидаларына қарсы дүние болып табылады. Дегенмен зерттей келіп, massaget.kz байлардың да жасырған құпиясы барын анықтады.

Миллионерлерді бай деп ойлайсыз ба, олай емес

Миллион доллар үлкен ақша болып көрінуі мүмкін. Бірақ миллионерлердің жиырма пайызы бұлай ойламайды. Бұл көрсеткіш олар үшін «кедей» дейтін ұғыммен бірдей. Себебі бұл ақшаның жартысынан көбі салыққа, медицинаға және өмір сүруін қамтамасыз етуге кетеді. Байлардың көбі ең керемет сәттерден де бас тарта алады. Мәселен элиталық гольф-клубтарына барудан бас тартады. Өйткені онда жылына 300 мың АҚШ доллары кетеді.

Байлар арзан бағада сауда жасайды

Миллионерлердің көбі орта таптағы өмір сүру қағидасынан шығып кеткен. Себебі олардың сексен пайызы ішпек-жемек пен киім-кешекті арзан бағада сатылатын дүкендерден немесе базардан алады. Таң қалмаңыз, бұл – ақиқат.

Олар мектепте үздік оқымаған

Ата-аналардың мектепте жақсы білім алу – ілімнің кілті дейтіні рас. Бірақ бұл экономика саласының сейфі бола алмайды. Байлардың жетістікке жетуіне себеп үздік оқу немесе жоғары білім емес, пысықтық, еңбекқорлық және қоғаммен тығыз байланыс жасау. Олар мектепте ешқашан озат оқыған емес.

Миллионерлер де қарыз алады

Миллионерлердің де қарыз алатынын білесіз бе?! Олардың ақшасының ең негізгі бөлігі осы қарыз алу арқылы, несие алу арқылы қалыптасқан. Себебі байлардың байып кетуі үшін ең алғашқы ақша көзі қарызбен келеді.

Сен жақсы адам болсаң, бай болмайсың

Миллионерлердің көп сандысы өте қатаң тәртіппен жұмыс істейді. Олар қатігез және суық болуы мүмкін.

Салық – жолы болмайтындар үшін

Байлар ақша көп тапқан сайын оның да салық түрі көбейіп отырады. Бірақ миллионерлер шет елдік банктерде есеп-шот ашу арқылы салық түрлерінен жалтаруға тырысады.

Байлар ең қымбат көліктерді сатып алмайды

Ең қымбат және ең керемет көлікті сатып алудың қажеті не, егер оны жалдап алуға болатын болса. Байлар ең қымбат көліктерді сатып алмайды. Жалға алып, демалысқа сол көлікпен шығады. Достарының қасында абыройлы болып қалудың жолы ғана. Бақыт ақшаға байланысты келеді Миллионерлер үшін бақыттың кілті – ақша. Адам ақшасы көп болған сайын қажеттілігін арттырады және толықтырады. Егер қалаған дүниеңді ала алсаң ол бақыт емес пе?! Бұл – байлардың өзарасындағы түсініктері.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Қазақстанның Мысырдағы елшісін тағайындады

Бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмі тарихтағы ең үздік 5 видеоның бірі атанды (видео)

Жер бетінде дінсіздердің саны күрт азайып кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1441364-millionerlerdinh-sizden-zhasyryp-zhurg/

pixel