Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер көлемі ең кішкентай бес мемлекетті білесіз бе?

Опубликовано:

Жер бетінде көлемі тіпті бір қаланың ғана аумағындай елдер бар екен. Олар қандай елдер? Бұл туралы massaget.kz жазады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғасырлар бойы соғыс пен таластың арқасында әр ел өзіне тән меншікті жерлерін жаулап алды. Бұл – тарихи үрдіс. Бүгінде әлемде екі жүзге тарта мемлекет бар десек, олардың барлығы тең дәрежелі жер көлеміне иелік етпейді. Мәселен ең алып жердің иесі – Ресей. Одан кейінгі қатарды Канада, АҚШ, Қытай сынды елдер жалғап кете береді.

Біздің ел әлемдегі ең үздік ондыққа кіреді, жер көлемі жағынан тоғызыншы орында. Ал жер көлемі тіпті бір қаланың ғана аумағындай ғана елдер бар. Олар қандай елдер?

Монако (1,95 кв. км) 

Кішкентай ғана аумақты алып жатқан қала типті мемлекет – Монако. Бір шеті Франция елімен шектессе, бір шеті теңізбен астасып жатқан ел. Кішкене болғанымен бұл ел көптеген рекордтық көрсеткіштің иесі.

Мәселен Еуропадағы халқы ең тығыз орналасқа ел. (1 кв.км 16403,6 адам) Жұмыссыздық көрсеткіші бойынша 0 %. Әлемдегі ең қымбат қонақ үйлер мен яхталар осында. Байлардың еліне айналып кеткен Монакодағы ең негізгі дүние – казино.

Сан-Марино (61 кв.км) 

Сан-Марино – әлемдегі ежелден қалыптасқан ең ескі мемлекет. Оның монархиялық Ата заңы 301 жылдың 3 қыркүйегінен бері әлі жарамды күйде тұр. Мұнда тап болу үшін алысқа жол алудың қажеті жоқ. Италия арқылы өтіп кете аласыз.

Лихтенштейн (62 кв.км) 

Австрия мен Швейцарияның арасында орналасқан, кішкентай ғана ел – Лихтенштейн деп аталады. Бұл елдің де өз мақтанатын рекордтық көрсеткіштері бар. Бұл ел әлемдегі сыртқы қарызы ең аз ел болып саналады.

Альпы тауының баурайында орналасқандықтан, бұл елде қысқы спорт түрінің кез келген түрін ұйымдастыру өте ыңғайлы. Астанасы Вадуц әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы қала. Себебі салық салу түрі аз және демалыс орны болып есептеледі.

Мальта (316 кв.км)

Мальта – бір емес бірдей үш аралдың қосындысынан тұратын мемлекет. Олар: Мальта, Гозо және Комино деп аталады. Аталған ел Жерорта теңізінде орналасқан. Бұл елдің ерекшелігі қыс кезінде таптырмас демалыс орны. Себебі мұнда күн қыс мезгілінде де жанып тұрады.

Андорра (468 кв.км)

Испания және Франция елдерімен шекаралас жатқан кішкене ғана елді-мекен. Андорра жыл сайын миллиондаған саяхатшыларды тарту жағынан ерекше. Сырттан келушілер бұл жерде бір күн болса да тұруды армандайды. Себебі мұнда бәрі арзан. Әрі салық қызметі де өте төмен.

Жоғарыда аталған жер көлемі кіші елдердің қаншалықты кіші екенін салыстырмалы көрсету үшін біздің елдің жер көлемін ұсынып отырмыз. Қазақстанның жер көлемі – 2 724 900 кв.км.

Тағы оқыңыздар:

Наурыз көже мен табиғат аясы: Алматылықтар демалысты қалай өткізуде? (видео)

Демалыс күні елімізде жауын-шашынды болмақ

Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шықты

Астанадағы ЦУМ-ның орнына не салынатыны белгілі болды (фото)

Атақты бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1444301-zher-kolemi-enh-kishkentay-bes-memlekett/

pixel