Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелі мен баласының түрін алғаш рет көрген соқыр жігіттің сөзі көпшілікті жылатты (фото)

Опубликовано:

Өзіңіз ешқашан түрін көрмеген жанмен отау құрып, бір шаңырақтың астында тұра алар ма едіңіз? Немесе дүниеге балаңыз келген соң, онымен сөйлесе алсаңыз да, сүйкімді келбетін көре алмасаңыз, қандай жағдайда болар едіңіз? Түрлі қызыққа толы мына дүниені өз көзіңізбен көре алмай күн кешіп жүрген кезіңізді елестетіп, қандай қиын боларын ойлап көрдіңіз бе? Джин Пурди есімді азамат - дәл осылай өмір сүріп келе жатқан зағип жандардың бірі.

Джин бала кезінен бері Штаргардт ауруына шалдыққан. Ол айналасындағы заттарды тек бұлыңғыр қалпында ғана көре алады.

Джинге ресми диагноз 16 жасында қойылған. Кейін ол өмірлік махаббаты Джойды жолықтырып, оған үйленеді. Арада уақыт өткен соң Линкольн есімді кішкентайлары дүниеге келген.

Джин өзін әлемдегі бақытты жандардың қатарына жатқызатын. Оның тек бір ғана өкініші болған. Ол - әйелі мен баласының бет әлпетін көре алмауы.

Бүр күні Джой теледидар қарап отырып, Штаргардт ауруына шалдыққан әйел қонақ болған телебағдарламаны көріп қалады.

Бағдарлама жүргізушілері оған 10 жыл бойы көрмеген әпкесін көруге мүмкіндік берген. Олар әлгі әйелге eSight көзілдірігін - көзі тым нашар көретін адамдарға көру бақытын сыйлайтын аппаратты кигізеді.

Шоуды көріп болған Джойда үміт оты пайда болып, бірден редакцияға хат жазады. Оның өтінішін жерге тастамаған телебағдарлама редакторлары Пурди жанұясын Нью-Йоркке шақырған.

Джин eSight аппаратын басына тағып жатқан кезде қатты қобалжиды...

Шоу көрермендері сол сәтте сілтідей тына қалады. Өйткені, көзілдірікті киген Джин де алғашқы минуттарда үнсіз отырған. Біраз аңтарылып қалған ол әйеліне қарап: "Ол сондай сұлу..." , - дейді.

Мұны естіген Джой қуаныштан көзіне жас алып, барша бағдарлама қонақтарын жылатады.

Бұдан кейін жүргізушілер 12 мың доллар тұратын аппаратты Джинге сыйға тартатындарын айтып, оларды бір қуантып тастаған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Метродағы жарылыста жаттығуға бара жатқан чемпион қаза тапты

Күтпеген жерден үшем туған ана бала-шағасымен үйге сыймай қалды

Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді 

Алматы тұрғыны шалшық үстіне тас жол қалап жатқандарға ашуланды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1456874-ayeli-men-balasynynh-turin-alghash-ret-ko/

pixel