Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Вконтакте» желісін ашқан Дуровтың құпиясын білесіз бе?

Опубликовано:

Вконтакте – танымал әлеуметтік желілердің бірі. Жалпылама атауы – ВК. Еуропада, Азияда өте танымал. Бірнеше тілде қызмет көрсете алады, дегенмен орыс тілділер арасында кең тараған. Ол бір-бірімізбен хат алмасуға, топ құруға, көпшілікке ортақ парақшалар ашуға, сурет, аудио, бейнежазбалар көшіруге, жіберуге, тыңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, браузерлік ойындар ойнай да аласыз.

2006 жылы 10 қазан күні іске қосылған. Алғашында студенттерге, ресейлік ЖОО түлектеріне арнап ашылғанымен, артынша «заманауи, жылдам әрі эстетикалық байланыс желісі» аталып кеткен.

2017 жылдың қаңтар айындағы есеп бойынша, 87 714 854 тіркелуші, 410 миллионнан астам қолданушысы бар.

ВК – әлемдегі өте белсенді, танымал сайттардың төрттігіне кіреді.

Кеңселері Мәскеу, Санкт-Петербург және Киев қалаларында орналасқан. Осы жылы ақпан айында желінің атқарушы директоры болып Андрей Рогозов тағайындалды.

Ал көпшілікке танымал әлеуметтік желінің негізін қалаушы – Павел Дуров есімді азамат. Ол жұрт алдына шығуды, сұқбат бергенді ұнатпайды. Сондықтан сайттың ашылу тарихы мен оны дүниеге әкелген адам жайындағы ақпараттарды Николай Кононовтың «Дуровтың құпиясы» атты кітабынан оқуға болады.

Павел Дуров 1984 жылы Ленинград қаласында дүниеге келген. Жасөспірім кезінде-ақ үздік бағдарламашы атанған. Өзінің ерекше қабілеті арқылы табысқа жеткен мультимиллионер. Студент кезінде өзге қатарластарынан білімімен, мінез-құлқымен ерекшеленген екен. Ресей президентінің стипендиясының лауреаты, үш дүркін Платон стипендиясының иегері атанған.

Кононовтың кітабынан әлеуметтік желіге, ғаламторға, олардың қалай құрылатынына қызығатын жандар мол ақпарат ала алады. Сонымен қатар, автордың көркем тілі арқылы сомдалған Дуровтың образымен де танысады.

Балалық шағы қалай өтті, мектепте қандай оқушы болды, алғашқы сайтын қалай дамытты, қолданушыларын қалай қызықтырды деген сауалдарға жауап алады. Кітаптың тағы бір ерекшелігі – тек Дуров емес, өзге де ресейлік ғаламтор жұлдыздары жайында біраз мәліметпен бөліседі.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Астанада торт жеген оқушылар жаппай ауруханаға түсті

Димаштың атын пайдаланып сұхбат беретін алаяқтар пайда болды

Божко: Астананы су алады деп қорқытқандардың басын жұлу керек

Қаскелеңде егіздердің сыңарын соқыр қылған дәрігерлердің басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1471036-vkontakte-zhelisin-ashqan-durovtynh-q/

pixel