Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даяшы қыз қалай Дубай ханзадасының әйелі атанды?

Опубликовано:

Белорусь астанасы  Минск маңайындағы шағын ғана ауылдан шыққан студент қызға Дубай ханзадасы ғашық болып қалады. Ол қызбен небәрі алты рет қана кездесіп, кейіннен үйленуге ұсыныс жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Күн сайын 19 жастағы Наташа Алиева автобусқа отырып, өзінің ауылы Смолевичтен Минсктегі дене шынықтыру академиясына бару үшін 35 қашықтық жер жүретін. Бос уақытында ол қонақ үйде даяшы болып, ақша табатын.

Ол ешқашан өз өмірі бүгінгідей ертегіге бергісіз болады деп ойламаған.

Сұлу, өте ауқатты және спортшы Дубай басшысы Саид бен Мактумның жиені қабырғаға оқ ату жарысына қатысу үшін Минскке келеді.

Ол нөміріне апельсин шырынына тапсырыс береді. Тапсырысты жеткізуге Наташаны жібереді. Өте нәзік, келбеті шығыс халқына келетін қыз (Наташаның әкесі – әзербайджан ұлтынан) ханзадаға бірден ұнап қалып, сол сәттен бастап жеміс-жидек пен шырынды оның бөлмесіне тек Наташа апарады.

Ханзада бойжеткенді сөзге тартқанымен, қыз өзінің ағылшын тілінде нашар сөйлейтініне қатты ұялады.

Бірақ, Саид қыздың ұялғанына қарамастан, онымен барынша сөйлесуге тырысады. Ол Наташаны өзімен бірге жаттығуға баруға көндірген.

Кейіннен екеуі бірге тамақтанып, қаланы аралайды.

"Саид шешімді тез қабылдайтын жан", - дейді Наташаның әпкесі Галина. Бірнеше күн өте салысымен ол Наташадан "Мұсылман дінін қабылдайсың ба?", - деп сұраған.

Оның ертесіне үйлену туралы ұсыныс жасапты.

Бұдан кейін ол сүйіктісінің қолын сұрау үшін, қыздың ата-анасының алдына келеді. Бойжеткеннің анасы - қарапайым медбике. Ол құрметті қонағын қайда отырғызарын білмей, күні бойы ас үйден шықпаған.

Саид аудармашысымен келіп, тәтті тағамдарды мақтап, әзіл айтқан. Сосын: "Мен, шейх Саид, Дубай ханзадасы сіздің қызыңызбен алты рет кездестім және ол маған қатты ұнайды.

Рұқсат болса, менің онымен отбасын құрғым келеді", - деген.

Қыздың әке-шешесі Саидтың тағы бір әйелі болғандықтан бірден жауаптарын айтпай, ойланған еді. Бірақ, Наташаның бақыттан балбұл жанған жүзін көріп, баталарын береді.

Олар Минскте өз отбасыларымен шағын той жасайды. Бірнеше күннен кейін жастар Дубайға кеткен. Бұған дейін бірде–бір Дубай ханзадасы орыс қызын алмағандықтан, Наташаның Біріккен Араб Әмірліктеріне баруы жұрттың бәрін таңғалдырады.

Әдетте ол жақта халық шейхтардың әйелінің аты-жөнін де білмейтін болған. Бірақ, қарапайым ауылдан шыққан студент қыздың, ханзаданың бөлмесіне шырын апарып беріп, өзіне ғашық қылуы адам сенгісіз оқиға болған.

Дубайға Наташаны әкесі іздеп барғанда, ол күйеуі сыйлаған «Инфинити» көлігімен қарсы алған.

Ислам дінін қабылдаған соң, Наташа өз есімін де өзгерткен. Қазір оны - мадам Аиша деп атайды. Ол элиталы Джумейр ауданында тұрады.

"Мен өмірімде осындай керемет сұлулықты алғаш көріп отырмын. Наташаның екі қызметкері, бір аспазшысы мен бағбаны бар. Аулада тауыстар жүрсе, үйде гепард жүреді. Енді күйеуінен пантера бағуды сұрап жүр екен",- дейді қыздың әкесі.

Күйеу баласы қайын атасын өз еліне көшіріп алуды да ұсынған екен, бірақ туған жерін қимаған Муслим оның бұл ұсынысынан бас тартқан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Реванш күтіп жүрген Джейкобс: Головкин менен қашып жүр

Жаңа Зеландияда салмағы 7 келі болатын сәби дүниеге келді (фото)

Астанада куәгер ішінде тұрғындары бар тағы бір лифт құлап кеткенін хабарлады

Қарағандыда шашылып жатқан майдангерлердің суреті халықтың ашуына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1490385-dayashy-qyz-qalay-dubay-khanzadasynynh-ay/

pixel