Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телефон қоңырауына құран үнін қойған дұрыс па?

Опубликовано:

Қазіргі таңда көпшіліктің қоңырау үніне Құран аяттарын немесе оятқышқа азан даусын қойып жүргені белгілі. Осы тұста еліміздің мұсылмандар діни басқармасы ресми сайтында мұның дұрыс емес екенін жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Телефон қоңырауына құран үнін қойған дұрыс па? Көрнекі фото: Интернет желісінен
Телефон қоңырауына құран үнін қойған дұрыс па? Көрнекі фото: Интернет желісінен: UGC

Алла Тағала Құранды бекершілікке, ұялы телефондарға қоңырау үні етіп қоюға емес, аяттарына пікір жүгірту және ондағы үкімдерге амал етуіміз үшін түсірді.

Мысыр елінің бұрыңғы мүфтиі доктор Әли Жұма, Ислам зерттеулер академиясының бұрынғы мүшесі Махмуд Ашур және одан да басқа ғалымдар Құран аяттарын қоңырау үніне қолдану харам деген пәтуа берген. Оның себебін былай түсіндірді:

Құран аяттарын қоңырау үніне қою оны аяқ-асты етуге алып барады. Өйткені дәретханада немесе басқа да лас жерлерде қоңырау шалып қалуы ыхтималы болғандықтан ол іске жол берілмейді. Бұл іс Құранды құрметтеуге, ұлықтауға жатпайды. Алла Тағала Құранда: Ал кім Алланың (бекіткен) рәміздерін ұлықтаса, күдіксіз, ол жүректердің тақуалығынан»[2],-дейді. Кейбір адамдар қоңырау үніне музыка қойғаннан Құранды қойған абзалырақ деген уәж айтуы мүмкін. Алайда музыканың орнына Құран қойғаннан жай ғана әуен қойса жетерлік. Бастысы оған қоңырау шалып жатқанын білсе болды емес пе?

Ал азанды оятқыш үніне қоюға келсек, оған рұқсат етіледі. Бірақ мына шарттар ескерілуі қажет:

Оятқыштағы азанды сөйлемнің соңына дейін тыңдау. Өйткені сөздің соңына дейін жеткізбей, ортасынан өшірсе мағынасы толық болмай қалады. Мысалы: «Әшһәду әлла иләһә илләллоһ, Әшһәду әннә Мухаммадан» деп «Расулаллаһ» сөзі айтылмай сөндіруге немесе «Әшһәду әллә иләһә» деген уақытта өшіруге болмайды. Өйткені ол «Алла жоқ» деп куәлік берген болады.
Дәретханада қосылып кетпеуін қадағалауы тиіс. Себебі ол Алланы еске алатын орын емес. Дегенмен, аталмыш шарттарды орындағанның өзінде оятқышқа азан даусын қолданбауға кеңес береміз. Сондықтан Құранды қоңырау үні, азанды оятқыш ретінде пайдалануға болмайды. Бұл шариғат рәміздеріне деген құрметсіздік және тақуалыққа жат әрекет болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1715004-telefon-koyrauyna-kran-nin-kojgan-drys-pa/

pixel