Әлемдегі ең сүйкімді кішкентайлар өсе келе қалай өзгерген? (фото)
Жарияланған күні:
Он жыл бұрын модельдік бизнесте төрт жасар француз қызы Тилан Блондоның суреттері танымалдылыққа ие болып, оны әлемдегі ең сүйкімді сәби деп таныған еді. Содан бері БАҚ келбетімен көз тартатын сәбилерді назардан тыс қалдырмайды. Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы түрлі уақытта әлемдегі ең сұлу сәби атанған қыздардың қазіргі суреттерін ұсынады.
14 жастағы орыс қызы Анастасия Безрукова
Анастасияның ата-анасы шоу бизнеске қатысы жоқ адамдар. Кішкентай ару модельдік бизнеске кездейсоқ келген. Жас таланттар сайысының ұйымдастырушысы қыздың суретін кенеттен байқап қалып, ата-анасына қызды модельдік агенттікке алып баруды ұсынған. Аз ғана уақыттың ішінде қыз үлкен танымалдылыққа ие болады. Он жасында Анастасияны БАҚ өкілдері Европадағы ең танымал модель ретінде таныды. Кішкентай қыз осы уақытқа дейін бүкіл әлемге танымал бірнеше брендтермен жұмыс істеп үлгерген: Armani, Benetton, Liu Jo, Moskhino, Pinko секілді компаниялармен және Vogue Bambini журналында, ресейлік «После тебя», «Млечный путь» басылымдарына шыққан.
13 жастағы Америка тұрғыны Ланея Грейс
Небәрі 13 жастағы Ланея Грейс бала кезінен бастап Guess, H&M сияқты танымал брендтермен жұмыс істеп келеді. Ата-анасы Ланея үш жасқа келгенде модельдік агенттікке тапсырады. Осылайша Ланея алғашқы іскерлік келісімді үш жасында бастаған.
12 жастағы орыс қызы Кристина Пименова
Кристинаның әкесі – ресейлік футболшы, анасы – модель. Анасының қатысуымен Кристина алғаш рет үш жасында жарнамаға түскен. Кішкентай модель он екі жасқа толған америкалық Women Daily Magazine журналы оны әлемдегі ең әдемі қыз деп жариялады.
16 жастағы француз қызы Тилан Блондо
Тилан Блондо төрт жасында әлемдегі ең сұлу сәби ретінде танылған. Содан әлі күнге дейін түрлі түсірілімдерге үздіксіз қатысып жүр. Осы уақыт аралығында Тилан Dolce & Gabbana, L`Oreal Paris, Michael Kors секілді танымал брендттермен жұмыс істеп үлгерген.
17 жасар америкалық Маккензи Фойл
Фойл бүкіл әлемдік танымалдылыққа «Сумерки» фильміндегі ойнаған рөлінен кейін ие болды. Кішкентай қыз содан бері жоғары сұранысқа ие модельдердің бірі болып саналады.
Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1718472-lemdegi-e-sjkimdi-kiskentajlar-se-kele-kalaj-zgergen-foto/